Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549501
Скачать книгу
өзің таңдап сайла ендеше.

      – Леке, қазіргі танда Құлымбетте сізден асқаны жоқ. Сіздің ұрпақтарыңыздан да сіздей адамдар табылар. Баяғыда Кенесарымен де тіл табысып едіңіз ғой. Келген орыстармен де тіл табысатын балаларыңыз бар шығар. – Шоңның бұлай айтуының сыры бар еді. Өткен жолы Шоң Ақмолаға барғанда ояз реніш білдіре айтқан болатын: «Шоң Телкозинович, анау Нұра бойына көшіп барған орыстар мен қазақтар жиі жанжалдасатын көрінеді. Соны қойғыз» деген. Бұлар тура Қараталға келген орыстар еді. Үш-төрт үй балықшылар болатын. Солармен Лау балалары жанжалдасқан ба, ояздың айтып отырғаны сол еді. Әйтпесе, осы жолы Құлымбеттерден де біреуді ала бармақ ниеті бар еді. Орыс балықшыларының көңіл-күйіне байланысты бұл жолы Құлымбеттерден би сайлауды кейінге қоя тұрған еді. Бәрібір ояздың өткізбейтінін білген. Осы арада Шоң үндемей отырып қалған. Лау оның мұнысын жақтырмады. Содан кейін сөз бастап кеткен:

      – Бауырым, сен әлгінде Кенесары жайында айтып өттің ғой, қанша дегенмен ол өзіміз емес пе? Ал мына орыстың діні бөлек, тілі бөлек халық қой. Бұлармен сөйлескенде ұғыса алмай қаламыз. Содан дау туындап кетеді.

      – Леке, ұғыса алмай қаламыз деген артық сөз. Орыс келді, олармен қайтсе де түсінісуіміз керек. Орыс Кенесарыны жеңді де, енді іргемізге кіріп алды. Енді одан құтыла алмайсыз. Артық кетпей, солардың айтқанын да тыңдауымыз керек.

      – Бұл орыстарыныз қызық көрінеді. Малдарды бізге қарай жаймаңдар дегенді шығарып жүр.

      – Жаймаңыздар десе, жаймаңыздар!

      – Сен болыс болған соң соларды жақтан отырсың ғой.

      – Менің сіздерге айтып отырғаным, орыстармен дау қазаққа ешқандай пайда бермейді. Түбінде солардікін дұрыс деп шығарады бастықтар. Леке, бізде ешқандай күш жоқ, билік соларда. Ал әділін айтсақ, орыстар да тыңдайды. Олай болмаса, біздің сөзіміздің оларға бес тиындық құны жоқ. Не істесек де солармен келісіп істеуіміз қажет. Орыстармен жанжалға бармау керек. Біз одан ұтпаймыз, ұтыламыз. Басқа амал жоқ.

      – Шоң, бауырым, оны кімге айтып отырсың? Төрінен көрі жақын маған айтып отырсың ба?

      – Осы отырғанның бәріне айтып отырмын. Әр ру адамдарының өз жағдайын ойлап сөйлейтін заман өткен. Енді бір Тоқа болып, тіпті бір қазақ болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып өмір сүрмесек болмайды. Заман соны тілеп отыр.

      – Шоң бауырым, бұл айтқан сөзің дұрыс. Дегенмен, заман өзгерген сайын жастар да өзгеріп бара жатыр ғой деймін…

      Шоң бұл сөзді өзіне арнап, әдейі реніш білдіріп сөйлеп отырғанын түсіне қалды да:

      – Заман өзгерген сайын адам да өзгереді. Уақыт талабы сондай… Ол үшін ешкімге кінә қоюға болмайды.

      – Сен міне, орысша оқыдың. Соған орай осылай сөйлейсің ғой.

      – Мен орысша оқығаннан емес, жағдайға байланысты айтып отырмын.

      – Мына Жолтабарлар балаларды Ақмолаға орысша оқуға береміз деп қоймайды. Сонікі дұрыс па?

      – Міне, Леке, іргеңе орыстар келіп кірді. Олардың тілін білген жақсы. Орыстармен олардың өз тілінде сөйлессек, жақсы ұғыса білеміз. Сонда дау да азаяды, онсыз болмайды.

      – Жастардың