Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный). Нариман Абылайулы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Нариман Абылайулы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: О бизнесе популярно
Год издания: 0
isbn: 9785449831774
Скачать книгу
бірі бұл оның жазған өлеңдері. Сол өлеңдерінің орыс тіліне аударған аударма жазбаларын оқыған. Сонда ол айтады: «Всевышнему богу не усы твои, ни борода твоя не нужна» деп жазылған. Ал қазіргі таңдағы көзқарастарға сүйенсек, Құранның сүрелерін оқып, намазға жығылсаң ғана жұмаққа барасың дейді. Онымен келісеімін, ал хиджабты неге киесіңдер, сақалдарын неге өсіреді?!Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі былай айтқан: «Жастардың Алла Тағалаға сеніп, ислам дініне бет бұрғандары жақсы, алайда сол киген хиджабтары сәнге айналып кетпесе болғаны» деп пайымдаған болатын. Алайда Елбасымыз орысша сұхбат берген болатын, сондықтан менің қазақшалап өз сөздеріммен жазғаным, елбасымыздың айтқан ой —толғауларынан алыстап кетпеген шығар деп ойлаймын. Қасиетті Құранда ұятты жерлерің жабық болсын дегені рас, ашық-шашық киінген дұрыс емес.

      Тағы бір жайтты естеріңізге түсірелік, ақындарды – философ деп атаған болатынбыз. Бұны бүкіл дүниежүзі мойындаған, мысалы 1990 жылы Ресейдің Мәскеу қаласындағы типографиялық баспаханада «Разум сердце» деген кітап басылып шыққан. Сол кітапта экономисттердің, ақындардың, саясаткерлердің айтқан философиялық ойлары жазылған. Бүгінде аты шулы болмаса да, бәрімізге таныс Мұхамеджан Тазабековтың жазған өлең шумақтары «Дін- ислам діңгегім». Осы өлеңін алып оқысақ, философиялық ойлардан құрылған. «Бара алсаң адалдықтың ақ жолымен, бейіштің есігінде құлып болмайды, адамдар бейіш жаққа бару үшін Меккеде зыр жүгіруі міндетті емес» деген өлең жолдарына зер салсақ, Омар Хайяның ойымен жаналап (жанама) өтеді, яғни жұмаққа бару үшін хиджаб кию не болмаса сақалыңды өсіріп, Құранның сүрелері мен намазға жығылып оқудын қажеті жоқ. Ең бастысы шүкіршілік етіп, сауап қылу керек. Мұхамеджан Тазабеков ағамыздың осы өлеңінде былай жазған болатын: «Тәубе қылсаң, сауап қылсаң күнәңнан түк қалмайды». Бірақ біз бір Алланың құлы екенімізді және Оған қызмет етуіміз шарт.

      Адам баласы өз қасиеттерінен айырылғандары соншалық олар өздерінен бұрын ақшаны ойлайды. Мысалы қазіргі таңда бір қауіп, қайғы —қасіреттің бірі Иранның АҚШ-пен соғысу қаупі, бұл жерде адамдардың өмірін сақтаудың әдістерін ойлаудың орнына басқа мемлекеттердің экономистері елдерінің экономикалық жағдайын қарастырып, талдап терең ойға батуда. Міне бүгінгі адамның қасиеттерінің көрінісі. Тағы бір нәрсе ойыма келгені, мүмкін бос сандырақ шығар дегенмен айтайын. Адамзат баласы соғысқа барса және тағы басқа да факторлардан мүгедек болады. Ал енді сұрақ неге адам дүниеге келгенде мүгедек болады, бұл жерде полигондарды айтса болады, алайда бұл полигондық жарылыстар басты фактор немесе түсінік бере алмайды. Адамдардың мүгедек болуы жер бетінде қанды төгістің болуы, яғни кішкентай қарапайым қылмыстан бастап мемлекет аралық соғыстарға дейін. Яғни менің ойымша Алла Тағалланың бізге айтайын деген сөзі шығар: «Құлдарым сендер жақсылыққа жорып, түзу жолмен жүріңдер, ешқандай соғыс немесе қылмыс жасамаңдар, өйткені соғыстар ештеңе де ұтпайсыңдар, тек жақындарыңнан