Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный). Нариман Абылайулы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Нариман Абылайулы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: О бизнесе популярно
Год издания: 0
isbn: 9785449831774
Скачать книгу
ешкімге 1 жыл бойы менің ешкімге айыппұл салмай, ақкөңіл екенімді білетін, сонда мың тенге айыппұл салған соң, жұмысына тиянақтылау болды. Бірақ одан кейін айыппұл салмауға тырыстым, себебі бұның дұрыс емес екенін ұқтым. Айыппұл салған күні өзімді бір түрлі сезінген едім. Кітапты аяғына дейін ерінбей оқыңыздар, пайдалы кеңестер әлі алда.

      Жалпы адамға беймәлім нәрселер, сұрақтар көп. Сол сұрақтардың немесе мәселенің бірі дүние қалай пайда болды және адам қалай дүниеге келді? Қысқаша, жалпы сұрақты қайыратын болсам, дүниеге деген көзқарас? Дүниеге деген көзқарастың 3 түрі бар:1) Аңыз (миф) 2) Дін 3) Философия. Аңызға, дінге тоқталмай-ақ қояын. Одан да мен философия деген не және бүгінгі философия деген не деген сұрақтарға өз ойымды айтсам деймін. Философия деген даналыққа құштарлық, яғни кемеңгер болу десем қателеспеймін. философия бұл -даналыққа махаббат, яғни қазақша оның мән-мағыналық формасын келтіріп, нақты айтсақ, даналыққа деген махаббат немесе даналыққа құштарлық, және бұл риторика мен логикаға негізделуі тиіс. Әйгілі Стив Джобс, Уоррен Баффет, Билл Гейтс, Жан-Клод Ван Дамм сынды тұлғалар оқуларын тастап, жетістікке жетті, оның себебі бі іске деген құштарлығынан. Бүгінгі философия барлығын да тәжірибеге бағындырады, ақыннан бастап, математик, физик, метафизиктерді қамтиды. Яғни Ф. Ницще айтқандай, «философия -бұл ғылымдардың атасы». Шыны керек, солай -ак, бірақ әр ғылым өзін жоғары бағалайды, мысалы: «математика- нақты ғылым, ғылымдардың патшасы», – дейді, ал Мұхамеджан Тазабековтың сөзіне сүйенсем, «Дін- ғылымның атасы деп жырлаған, Мұқағали ақылсыз емес еді», сонда ғылымдардың патшасы кім?!Бірақ бұл басқа әңгіме, басқа мәселе. Менің ойымша, философ деген ақын ғой, онымен қоса әдебиетке жақын ғой, оған мысал ретінде, қазақтың ұлы ақыны Абай, Шәкірім сияқты ақын, дана, жазушыларымыз философияны зерттеп, оған жаңалық енгізбесе де, олар философиялық тұрғыдан, ойлардан алыс болған жоқ. Мысалы Абай атамыздың қара сөзіне жазылған адамның біреуі білсем десе, екіншісі ішсем жесем дейді, осындай қылықтар адамның болашағын көрсетеді. Яғни бай мен кедейдің болатыны осыдан. Оның үстіне Абай атамыз айтқан қазақты өзгерту үшін билік және көп қаржы керек. Әр адам өзін өзгерту ұшін өз-өзін басқара алатын билігі болуы шарт. Тағы да айтып кететін жайт, бұл кез келген еңбекті жазу оңай емес, яғни оған филологиялық білім керек, мысалы бір философия еңбегін жазсам, мен әдебиеттің заңдарын білу арқылы, философиялық еңбегімді көркем қылып, әрі оны қызықтырып жазар едім. Әркімнің қолынан келе бермейди кітап жазу, өйткені әр тақырыпты, және ондағы ақпаратты белгілі бір ретпен жазылуы тиіс, жоғарыдай айтып кеткендей «философ деген ақын». Мәдениеттану, әлеуметтану тағы да басқа сол сияқты ғылыми пәндерде жазылатын кітаптар, зерттеп, оған жаңадан белгілі бір жаңалық енгізгеннің өзінде философияға келіп негізделеді. Көптеген жоғарғы оқу орындарда философия кафедралары бар, солардан дипломы бар философтар шығады, алайда практикасының мәні, шығуы неде? Философия