Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный). Нариман Абылайулы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Нариман Абылайулы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: О бизнесе популярно
Год издания: 0
isbn: 9785449831774
Скачать книгу
қана емес, бұл өмірге деген жалпы құштарлық. Мысал келтірсем, біздің елімізде және басқа елдерде өте ауыр, жаман жағдай – демографиялық апат десем қателеспеймін деп толық айта аламын, қылмыстар көбейіп, өзін-өзіне қол жұмсау дегендей, бұл масқара?!! Ал философияда экзестенциализм деген ұғым бар, яғни өмір сүру немесе өмір сүру философиясы десек, онда бұл жалпы философия пәнін мектепте, колледж, жоғарғы оқу орындарында пән ретінде оқыту керек. Мысалы 10 мен 11 сыныптағы оқытылатын пәндердің оқулықтары жіп-жіңішке, яғни ақпарат аз, себебі ол ақпараттар 5—9 сыныпта аралығында айтылып, қайталанылып болды. Бір нәрсені, бір ақпаратты көпірте бергенше, осын пәнді оқытса деп ойлаймын, онымен қоса мәдениеттану, социология (қоғамтану), тіпті дінтану болса тіпті керемет болар еді. Жаңа ғана мен айтқанымдай өмір сүру философиясы, дәлірек әрі жалпылама айтқанда «философия адамды адам қылып қалыптастырады және өмірді қалай қадірлеуін түсінуге көмектеседі» деп ойлап мен тұжырымға келемін. Кім біледі мүмкін мен қателесіп жатқаным да шығар, бірақ бұл менің ойым, сондықтан менің бұл тұжырымдамама дұрыс көзқараспен қарайтын шығарсыз деп үміттенемін. Өзімді айтатын болсам, бұрын «Гарри Поттер және философиялық тас» киноны көргенде, философияның не екенін түсінбей жүретінмін, сол кинода оның қандай рөлі бар деп? Ал бала кезімдегі ойыммен сендермен бөлісейін, философиялық тас қайда, неге киноның соңында оны тауып, көрсетпеді. Яғни мен философиялық тасты көз алдыма елестеткенде, мен оны алмаз секілді тас шығар деп ойлайтынмын.

      Ал енді сендерге философия пәнімен танысқаннан кейінгі ойыма келген ойымды ортаға салайын. Кинода Гарри Поттердің және басқа оқушылардың даналыққа, білімге деген құштарлығын көруге болатынын енді түсіндім. Ал бала философияны оқып, философиялық ойларды миына тоқыса, онда ол өмірдегі қиыншылықтардан қашатын бір -ақ жол, ол «өлім» деген ойдан арылады деп ойлаймын. Ал енді менің соңғы сөзім, қазақ халқымыз текке айтпайды ғой, «ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», немесе орыс халқы оны былай пайымдайды «думай, прежде чем говорить» дегендей, философияның және басқа да ғылымның салаларына деген көзқарасыңызды білдіріп айтар кезде ойланыңыз, және олардың біз үшін өмірде маңызы бар ма жоқ па?!

      Философия -бұл дүниенің пайда болуын үш негізде түсіндіреді, яғни пайда болу себептері ретінде аңыз, философия және дінді негізге ала отырады. Философия дегеніміз бұл білімге құштарлық, махаббат, яғни бірнәрсені жаттап айтып беру емес, түсіне білу, дұрыс қабылдау болып табылады. Мысалы ретінде Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындалатын оқушыларды алсақ, олардың тестілеу алдында дайындалып жинаған 125 ұпай болса немесе төмен болса да, бұл оқушылардың білімінің деңгейін анықтап көрсете алмайды, себебі жаттап дайындалғанында. Тек оқушылар ғана емес, студенттердің жинаған жалпы ұпайлары олардың білімін көрсетпейді. Нағыз білім деп адамның кез – келген уақытта сол сұраққа жауап бере алу қабілеті. Ал бірнәрсені білу,