Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Канат Нуров
Издательство: Фонд "Аспандау"
Серия:
Жанр произведения: Политика, политология
Год издания: 2014
isbn: 978-601-80330-0-1
Скачать книгу
мүмкін. Ғылыми келу тарихи ақпаратты таратудың ауызекі дәстүрін жоққа шығармайды, керісінше, зерттеу, тексеру және негіздеуді өз басына алады, әсіресе, егер бұл халықта өзінің жазба тарихи қайнаркөздері болмаса. Бұл бір жағынан. Ал екінші жағынан, Маркстың «қоғамдық-экономикалық формациялар» және «тарихи материализм» жөніндегі кеңестік ілімге негізделген «формациялық теориясының» қазақ жүздері ру-тайпаларының тікелей үлкендігіне қатысты қолданылуы беймүмкін және ғылымнан алыс идеологиялық және саяси факторларға негізделген. Қызығы, Әкімбековтің өзі бұл классификациясын қатаң ұстанбайды және екі жағынан да деректер келтіріп отырып, бірінен бірін биік қоймайды. Оның «ауызекі дәстүрі» Левшин өзінің «Қырғыз-қазақ ордалары мен далаларын суреттеу» кітабында келтіретін классикалық нұсқадан басталады: «Халықты үш бөлікке бөлген ханның аты «Орус», және де уақыты бойынша бұл хан Тамерланнан кейін тұрыпты-мыс… және алдында Орал, Илек және Өр жақта тұратын Улянты деген бір ноғай ханының қолбасшысы болған екен, содан кетіп, өз бетінше билеуші болған екен. Әкімбеков бойынша, «мұнда айтылған мифтік тұлға «Орусхан» бәрінен бұрын бірінші қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің атасы, Жошы ұлысы сол қанатының билеушісіне ұқсайды, алайда, ол әрине, Тимурдан кейінгі уақытта өмір сүрмеген (сонда, 543 б.). Соңғы жағдайға сүйеніп, Әкімбеков Левшин бұл аңызды өзі жұмыс істеген Орынбор облысында жазып алған және, соған қарағанда, оны оған Кіші Жүздің қазақтары айтып берген, ал олар Ноғай Ордасынан деп, осы негізде Левшиннің нұсқасын толығынан жоққа шығарады. Әкімбеков біз жоғарыда баяндаған аңыздық Алаша ханмен өмірде болған Урус ханның өмірбаяндарының ғажап ұқсастығын есепке алмай тұр. Урус хан шынында да ноғай мырзаларының қолдауынсыз Сарайды басып ала алмас еді және оның арғы аталарының қият Тенгиз Бұғының қасында болуы әбден мүмкін. Әрине, егер Тимур Урустан кейін өлсе, Урус Тимурдан кейін өмір сүре алмайды, бірақ бұл аңызды толық қабылдау керек, немесе ешқандай қабылдамау керек деген емес. Айтпақшы, Орус пен Урус аттарының ұқсастығы да біраз нәрсеге жетелемейді ме ойды?

      Конец ознакомительного фрагмента.

      Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

      Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

      Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

      Примечания

      1

      Белгілі зерттеушілер айтуынша «Шах-Намеде» «казак» этникалық термині әлі табылған жоқ (Валиханов Ч. Собр. соч. Т.1. С.370), бірақ бәрібір Левшин қателеспеген болу керек, мүмкін, ол эпостың өзге варианттарын білген шығар. Порфирородныйдың мәліметтері осы аттас, тұстас елді көрсетіп тұр және уақыты бойынша сәл ертелеу

Скачать книгу