Автор: | Канат Нуров |
Издательство: | Фонд "Аспандау" |
Серия: | |
Жанр произведения: | Политика, политология |
Год издания: | 2014 |
isbn: | 978-601-80330-0-1 |
этникалық түрде емес, таза саяси байланыста десе де, оның этникалық тарихқа тікелей ықпал еткенін ескертеді. Бұл қайшылыққа қарағанда, Әкімбековқа өзі басқаға қабілетті болса да, сырттан келген қоғамдық стереотиптер әсер етіп тұр. Ежелгі монгол мен қазақтардың саяси байланысын негіздеу үшін ол орасан зор жұмыс істеді, бірақ оны этникалық байланыс деп атауға оның батылдығы жетпей тұр. Несі бар, өз тұрғысын негіздеуде ол ғылыми көзқарастың сақтық пен байсалдылығына жасырына алады. Ежелгітүрік дала суперэтносының мұрагері ретіндегі ежелгі монгол казак суперэтносының әлеуметтік саяси құрылымына қатысты Әкімбековтың ойы: «Оның негізқалаушыларының көзқарасынша, Монгол империясы ең алдымен әскери мыңдықтарға ұйымдасқан халықтан тұратын». Яғни, империя халқы деп әскер құрамына кірген жауынгер көшпенділер саналған. Қалғандардың басты міндеті салық төлеу болды (сонда, 243 б.). Мұнымен келіспеуге болмайды. Әрине, Шыңғысхан монголдарының феодалдық езгісі болған жоқ, оларды ешкім экономикадан тыс күштеп, жұмысқа салған емес және казактарға, ерікті ер жаугерлерге қатысты бұл мүмкін емес те еді. Бір жүздік пен мыңдықтан өзгеге ауысуға болмайды дегенде, мақсат казактар тектен тек өз азаматтығын, ал жүзбасылар мен мыңбасылар қазақылықтан бас тартпасын деген ой еді. Барлық ру-тайпалар байсалды араластырылғасын және олардың алтын белдікті аристократиясы мәңгі келмеске кеткесін, ешкім Ұлы Монгол мемлекетінің тұтастығын бұзбауға тиіс еді. Әрине, мемлекет иелік ретіндегі ұлыс белгілі ру, немесе тұлғаның иелігі саналды, бірақ, бұл иелікті феодпен теңеуге болмас еді, өйткені ол жерге тәуелді емес болды, сондықтан ерікті жаугер ретіндегі ұлыс адамдары көшіп кетіп, жаңа ұлыс іздеуге қазақылыққа шығатын. Сондықтан, тіпті осы монгол империясы ең дәуірлеп тұрған кезінде метрополиядағы казактарға Угэдэй хан өте аз салық салған: «Мемлекетімізді қиналтпайық… халыққа қиын емес реттеулер кіргізейік. Мемлекеттік борыш шүленге отардан бір тоқты бөлінсін. Сол сияқты жүз бас қойдың бір қойы кедей мен байғұстар үшін салық деп алынсын…» (сонда, 243 б.). Көріп тұрғаныңыздай, мұнда әскер дегеніміз түрлі тайпалы казактардың барлық мыңдықтырынан тұратын, бір жағынан халық, бір жағынан мемлекет. Оларға кейін Тәуке ханда Жеті Жарғысы арқылы салық салғысы келді және жалпы Монголдардың Ұлы мемлекеті солар үшін құрылған еді. Қытай, Ресей, Хорезм, Иран сияқты провинцияларға қатысты салықтар қазіргі кездің де, сол уақыттың да өлшемдерімен онша ауыр болған жоқ, бірақ, әрине, салмақтылау, өйткені ол барлық жаугершіліктің екінші мақсаты еді (сауда орындарына шығып, Ұлы жібек жолын қорғағаннан кейін): «ел әскерге» салым төлету және бағынышты отырықшы тұрғындары бар жұрт жаулап алу. Ең қызығы, монголдар жаулап алған жергілікті отырықшы тұрғындардан шыққан тарихшылар монгол билеушісінің артықшылығы ретінде оның жауапты билеуші болуға қабілетін және жергілікті халықтың мүддесін сыйлауға ниетін атаған. Рашид ад-Диннің айтуынша, Барак ханға қарсы жорығында