Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Канат Нуров
Издательство: Фонд "Аспандау"
Серия:
Жанр произведения: Политика, политология
Год издания: 2014
isbn: 978-601-80330-0-1
Скачать книгу
жанталаса соғысқан. Содан барлас, жалаир, арғын, хунгират және сол сияқты далалық Монголиядан шыққан мыңбасылар басқарған негізі түркі көшпенділерінен құралған мыңдықтар өз атын соңғылардың тайпалық атауынан алған. (345–347 бб.). Хулагу ұлысының монгол «мыңдықтарында әдеттегі тайпалық орнықсыздық болмаған, олар мемлекет қызметіндегі әскери құрылымдар еді. «Іс жүзінде олар әскер болды, өз көшпелі өмір дағдысын сақтаған мемлекеттің әскери сословиесі… Кейінірек, монголдың басқару жүйесі дағдарысқа ұшырағанда, мыңдықтар қайтадан тайпаларға өзгертілді, бірақ туыстық емес, потестарлық-саяси негізде» (330–331 бб.). Тұтас ру-тайпаның атауынан бұрын мүлде шынайы адамның мүлде өзге аты тұрған немесе, керісінше, бір адамның аты бір тайпаның атына өзгертілген қара сүйектер шежіресіндегі «шатасуды» әбден ұғынықты тарихи негізі мен түсіндірмесі бар екен. Сондықтан, ғылыми әлем қазақ шежіресіне деген скептикалық және ироникалық кекесінді көзқарасын өзгерту керек. Шежірелер өте шынайы, оларды зерттеу мүмкін һәм қажет, олардың шынайылығына жетіп, бір-бірімен сәйкестендіру қажет. Ең қызығы, олар ойдан шығарылған болмаса, онда қазақтың ежелгі монгол суперэтносынан шыққаны жөніндегі қазақылық концепциясын растап көбінесе бізді ежелгі монгол заманы кезіндегі Шыңғысхан, немесе Урусхан жүзбасылары мен мыңбасыларының есімдеріне апарады. Сондықтан, автор өз әкесі И.А. Нұровтан кешірім сұрағысы келіп тұр – көп жылдар бойы дулаттар Шыңғысханның уйсын әскерінің қолбасшысы Майқы биден және Урусхан замандасы Байдыбектен шыққанына сенбегені үшін. Илья Айсаевич өз әкесі Айсаның 1900 жылы туғанынан және бір ғасырда үш буын ауысуға тиісті деген қағидалардан бастаған, сосын, оның ойынша, отыз жеті жаста ата болуға болады. Оның ойынша, біздің академиктер Байдыбекті өте ерте замандарға апарып және оны хан деп атаған жәй сандырақтайды ғана. Әсіресе, ол біздің ұлттық энциклопедияларда келтірілетін тікелей шежірелерге қарсы, өйткені біздің арғы аталарымызда тек бір-ақ ұлдан ғана болған жоқ қой. Қазақ тарихы қарапайым адамдардың ғалымдардан көп білетінінің ғажайып, сирек үлгісі, бірақ олар өзінің мифологиялық дәлелдерін ғылыми негіздеп, ресмилендіре алмайды, ал ғалымдар өте шабан қабылдап, оларды мойындауға және ғылым тілінде олардың шындығын растауға мәжбүр. Және осы кітапты 1995 жылы алғаш шығарып, қазаққа өз тарихын қайтарып бергім тұр дегенде автор қандай аңғал еді… Тарихы әрқашанда олардың өздерінде екен ғой. Әлгі шежірелердегі шатасуды түсіндіру үшін Б.Я. Владимирцов олар туралы былай жазған: «Шыңғысхан империясында ру-тайпалық атаулардың орнына енді мыңдықтарды атауы келіп жатыр. Соңғыларды көбінесе бұрынғы ру аттарымен атаса, кейде, көбінесе, нояндардың, мыңбасылардың атымен атайды. (230 б.). Жалғыз біздің Әкімбековпен келіспейтін жеріміз «Дешті Қыпшақ түркілерінің Монгол империясы құрамына енуінің (интеграциялануының) күрделілігі жөнінде. Оның айтуынша, «егер этникалық құрама бұрынғы, қыпшактікі боп қалса және сырттан