Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2014
isbn: 978-601-04-0466-3
Скачать книгу
Дитерици еді. Осынау зерделі зерттеушінің бағала- уынша, әл-Фараби ғылымдағы ержүрек қаһармандар санатына қосылады, ол «соқыр сенім кесепатына қарсы, өзінің тарихын қанмен жазған, рухани бостандық пен гуманизмнің қасиетті заңдарын таптау үшін бар зұлымдығын жасап баққан баққұмар мансапқорлыққа қарсы» аянбай күресті17. Рухани өнер-білімді таратып, ілгері бастыру жолында, гуманизм мен адамгершілікті баянды ету жолында күрескен әл-Фараби бізге аса қадірлі.

      Әл-Фарабидің философиялық көзқарастары (кіріспе мақаладан үзінді). Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973 (Б.М. Кедров, Ш.Е. Есеновпен авторлық бірлікте жазылған).

      ФАРАБИ ЭТИКАСЫ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

      Әл-Фарабидің этикалық ой-пікірлеріндегі негізгі мәселе – бұл адамның сұлулық пен бақытқа жету мәселесі, әлемдік бүтінмен бірге үйлесімділікте өмір сүре білу.

      Адам бақыты – абсолютті құндылық. Сол себептен ол барлық адамдар ұмтылатын шек болып табылады. Бірақ бақыттың мәнін ұғынушылық барлық халықтарда бірдей емес. Түрлі діндердің тіршілік кешуі осының куәсі бола алады. Әл-Фараби бақытты діни өсиеттерден жоғары қоя отырып, діни индифферентизмді жақтайды.

      Адамдар бақытты болуы үшін, нағыз бақыттың неден құралатындығын білуі тиіс, өйткені, дұрыс емес пікірдің бағасы бұл жерде аса маңызды. Философия да әлем дегеніміз не, ондағы адамның орны қандай деген сұраққа жауап іздеу барысында абзал адам болмысының мағынасын ашады. Адам болмысының мағынасын ашатын ойлар кейінгі барша Таяу Шығыс әдебиеті мен Омар Хайям шығармашылығының негізінде болып, кейіннен онтология, гносеология және этиканың негізгі мәселелеріне айналды.

      Бақыт дегеніміз – бақытқа алып келетін әрекеттердің бағасы емес. Жақсылық жасаушы адам жасаған жақсы әрекеті үшін жақсылық пайыздың белгілі бір бөлігін алушыға айналады, осыдан келіп, адам баласы болашақ ықтималды пайдасы үшін жақсы дегенге жанасып, жаманнан қашады. «Басқа өмірде» ұжмаққа кенелуді ойлаған өзін-өзі тоқтатушылық пен тежеу, бұл – екіжүзділік пен жәдігөйлік. Әл-Фараби үшін жақсылық жасаушының табиғилығы маңызды, ақиретте сыйға кенелуді ойлап, ізгілік жасауды саудаға айналдырған екіжүзділерге қар- сы шығады. Егер кімде-кім өзіне берілген нәрсені кейін оған еселеніп қайтатындығын ойлап, кейбір әрекеттен немесе ләззаттан тартынса, ондағы «жақсылық жасаушы ақаулыққа жақын». Шынайы қайырымды адам әділдікті, оның өзі ізгілік болған- дықтан ұстанады, ол өзіне деген қосымша сыйға мұқтаж болмайды және зұлымдық жасаудан тартынатын себебі, оның жиіркенішті және арсыз іс екендігін білгендіктен. Қайырымды адамның ақиқаттық сыйлығының өзі ізгі адамгершілік. Әл-Фараби утилитарлы-прагматикалық, адамгершілікке қажетті арсыз «негіздеуді»: соңында материалды ұтысқа жетуді ойлайтын әрекетті терістейді.

      Қайырымды адам үшін өлім қорқынышты емес. Ол өзінің абыройын абзалдықпен сақтайды, абдырауға жол бермейді және өмірді ұзартуға тырысып, оны


<p>17</p>

Fr. Dieterici. Аlfагаbі’s рһіlosophische Abhandlungen. Leiden, 1892, s. ХLI.