Стақанның қабырғаларын үш жағынан қара қағазбен желімдейміз (8-сурет). Бұл жағдайда 1 қабырғаға ені шамамен 4 см желімделінбеген жолақ қалдырамыз. Ыдыстың осы қабарғасы аудиторияға қарап тұруы керек. 2 қабырғаны желімдемей-ақ жарық сүзгішімен бірге диафрагмаға тығыздап жылжытып қоюға болады. Батереялық стақанды 4/5 көлемде айдалған сумен толтырып қоямыз. Сосын стақанға қатты араластыра отырып, қорғасын иодидінің ірі кристалдары бар сұйықтықты бірнеше бөлікке құямыз.
Тәжірибенің нәтижесі: Ыдыстың 1 қабырғасының мөлдір бөлігі арқылы жарықтың көкшіл тобында қара аяда ретсіз қозғалысты және жеке жарқырап тұрған нүктелерді көреміз. Коллоидтық бөлшектердің микроскоппен қараған кезде де осы құбылысты байқауға болады.
8-сурет. Қабырғалары қара қағазбен желімденген стақан
Тәжірибенің түсіндірілуі: Жарқырауық нүктелердің «жылтылдау» құбылысы айналмалы броундық қозғалыстың нәтижесінде пайда болады. Сондықтан шашыраған сәуленің қарқындылығы уақыт бойынша периодты түрде өзгеріп отырады.
Ескерту: Ультрамикроскоп арқылы коллоидтық бөлшектердің өзі емес, солар арқылы шашыраған сәуле көрінеді.
1.4. Кірнелердің молекулалы-кинетикалық қасиеттері
1-тәжірибе. Коллоидтық ерітінділердегі диффузия құбылысы
Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1). Агар-агар; 2) 10 %-дық мыс сульфаты; 3) Фенолфталеин; 4) Берлин көгі кірнесі; 5) 250 мл-лік тығыз тығындары бар 4 цилиндр; 6) 0.1 н NaOH; 7) 0.1 н тұз қышқылы; 8) Темір (III) гидроксиді кірнесі; 9) Бунзин жанарғысы; 10) Әр түрлі салмақ тастары бар техникалық таразы.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Тәжірибе жүргізбестен бірнеше күн бұрын 1 л 2 %-дық агар-агар ерітіндісін дайындап кою керек. Ол үшін 30 г агар-агар өлшеп алып 1 л айдалған суда толық ерігенше қайнатамыз. Төрт цилиндр әрқайсысына 200 мл-ін ыстық агар-агар ерітіндісін бөліп құямыз. Бірінші цилиндрге агар-агардің үстіне 3 тамшы фенолфталеин және бар агар-агар күлгін түске боялу үшін 0.1 н бірнеше тамша NaOH ерітіндісін құямыз. Агар-агар толығымен сууы үшін 1 тәулікке цилиндрлердің аузын тығынмен жабып қойып кетеміз.
Тәжірибенің орындалуы: Тәжірибе жасардан 1-2 тәулік бұрын сілтімен фенолфтаеин қосқан цилиндрге 0.1 н 4-5 мл тұз қышқылын құямыз.
Қалған 3 цилиндрдің біреуіне 10 %-дық мыс суьфатының ерітіндісін, екіншісіне темір (III) гидроксидінің коллоидтық ерітіндісін, үшіншісіне берлин көкшілінің коллоидтық ерітіндісін 4-5 мл-н қосамыз. Тәжірибенің нәтижесін 1-2 тәуліктен кейін бақылаймыз.
Тәжірибенің нәтижесі: Агар-агар ерітіндісінің түссіздену шамасына қарай H+ иондарының диффузиялану жылдамдығы жақсы байқалады. Мыс Cu2+көкшіл ионы, баяу диффузияланады және берлин көкшілімен темір (III) гидроксидінің кірнелері өте аз диффузияланады.
Тәжірибенің түсіндірілуі: Бөлшектердің жылу қозғалыстарымен байланысты барлық құбылыстар (диффузия, осмос