. . Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор:
Издательство:
Серия:
Жанр произведения:
Год издания:
isbn:
Скачать книгу
түзіледі.

      А және Б тәжірибелерініңтүсіндірілуі: Берлин көкшілі гидрокірнесін алу кезінде химиялық қос алмасу реакция жүреді:

4FeCl3 + 3K4 [Fe(CN)6] → Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KCl

      As2S3 гидролизі жүрген кезде төмендегідей реакция жүреді:

      Ескерту: As2S3 кірнесін алғанда тек тартпаның астында жұмыс істеу керек!

      5-тәжірибе. Күкірт гидрокірнесін алу (тотықтыру әдісі)

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Натрий тиосульфаты Na2S2O3

5H2O; 2) Қаныққан натрий хлориді ерітіндісі; 3) Ыстық сулы жылытқыш; 4) 100 мл-лік өлшеуіш цилиндр; 5) 300 мл-лік стақан; 6) Концентрлі күкірт қышқылы; 7) Суытқыш қоспа (мұз); 8) Шыны мақтасы бар құйғы; 9) Салмақ тастары бар техникалық таразы.

      Тәжірибесінің орындалуы: 50 г кристалл түріндегі натрий тиосуьфатын техникалық таразыда өлшеп алып, 30 мл айдалған суда ерітіп, ерітіндіні тамшылатып құйғыға ауыстырамыз. 300 мл-лік стақанға (тығ. 1,84) 38 мл мұздың суытқыш қоспасына батырамыз. Сосын осы стақанға, тартпаның астында, алдын ала дайындалған натрий тиосульфатының ерітіндісін тамшылытып қосамыз. Бұл реакцияның нәтижесінде анық сары түсті қою масса түзіледі. Ары қарай стақанға 100 мл айдалған су қосып, 30-40 минуттай ыстық сулы жылытқышта қайнатамыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: Ерітіндіні суытқаннан кейін ашық түсті күкірт кірнесі алынады. Сосын оны шыны мақтасы бар құйғыш арқылы сүзіп аламыз.

      Тәжірибенің ары қарай орындалуы: Алынған күкірт кірнесінің құрамында электролиттердің – негізінен күкірт қышқылымен натрий сульфатының едәуір артық мөлшері болады.

      Соңғы кірнені бөліп алу үшін оған аз мөлшерде қаныққын натрий хлоридінің ерітіндісін қоса отырып бірден толық коагуляцияға ұшыратуымыз керек. Түзілген тұнбаны сұйықтықтан бөліп алып, оны сүзгі қағаздарының парақтарының арасында сығамыз. Сосын оны таза айдалған суда пептизациялаймыз. Ерімей қалған тұнбаны, кірнені басқа стақанға құя отырып бөліп аламыз. Осылай алынған күкірт кірнесі жоғары дисперстілік дәрежесіне және салыстырмалы жоғары тұрақтылыққы ие болады.

      Тәжірибенің түсіндірілуі: Күкірттің коллоидтық ерітіндісін тотықтыру әдісімен алудың негізі-тотығу реакциясы:

Na2S2O3 +H2SO4→S + SO2 +Na2SO4 + H2О

      Ескерту: Күкірт кірнесін тотықтыру әдісімен бірақ, күкіртсутекті ауадағы оттекпен немесе күкірт (VI) оксидімен тотықтыру жолдарымен алуға да болады:

2Na2S + O2 → 2H2O + 2S2Na2S + SO2 → 2H2O + 3S

      Бөлінген күкірт атомдары коллоидтық бөлшектердің шамасындай бөлшектерге қосылады.

      6-тәжірибе. Күміс және мыс гидрокірнелерін алу (электрлік тозаңдату әдісі)

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Жаңа дайындалған танниннің судағы 1 %-дық ерітіндісі; 2) 1 %-дық Na2CO3; 3) Металдарды тозаңдату үшін арналған Бредиг құрылғысы; 4) Қабырғаларының шамасы 10 × 8 × 2 см болатын жазық параллельді астауша; 5) Күміс электродтар; 6) Тамызғы; 7) 200 В тұрақты ток көзі; 8) Мыс электродтар; 9) Мұзы бар мұздатқыш.

      Тәжірибенің орындалуы: Мыс, күміс т.б. металдардың гидрокірнелерінің суда тозаңдату арқылы