Макроэкономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында төмен деңгейдегі бюджеттің тапшылығына біршама қолдау көрсетілді, мемлекеттік бюджетті қаржыландыру бірте-бірте икемді реттеле бастады. Мемлекеттік қарыз алулар оңтайлы шеңберден асып шыққан жоқ. Макроэкономикалық тұрақтандыру кезеңінің басты жетістігі – тауар мен қызмет көрсету өндірісінің қарқынын қысқарту тоқталды, сонымен қатар 1997 ж. инфляция 117,5 %-ға дейін төмендеді. Осы уақытта Теңіз кен орнын қалпына келтіру жұмыстары және Новороссийскіге дейін тартылған экспорттық мұнай құбырының құрылысы басталып, аяқталды. Сонымен, мұнай мен металдарды өндірудің нақты көлемі оларды өткізуден алынатын табыспен салыстырғанда озық өсуі орын алды. Шикізат емес өнеркәсіп салаларында да нақты көлемнің тұрақтануы мен өсу үрдісі 1995 жылдан бастап көрініс таба бастады.
Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде әкімшіл-әміршіл экономикадан нарықтық экономикаға айналу үрдісі қайта айналмайтын сипатқа ие болды. Іс жүзінде жаңа әлеуметтік-экономикалық формацияға ауысу жүзеге асты.
Нарықтық реформалардың бірінші кезеңінің басты қорытындылары келесідей болды:
– КСРО-ның шаруашылықты жүргізудегі әкімшіл жүйенің ыдырауынан туындаған жағымсыз салдарын жеңіп шығу, әкімшіл-әміршіл экономика қағидаларынан біржола шегіну;
– еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақты сақтау;
– қазақстандық нарықты тұтынушылық тауарлармен толтыру;
– нарықтық экономиканың нормативті-құқықтық базасын қалыптастыру;
– жеке секторларда жеткілікті дамыған экономиканың аралас түрі құрылды;
– Қазақстан әлемдік қауымдастыққа және халықаралық қаржы институттарына кірді;
– мемлекеттік қаржы, ұлттық валютаның бағамы, мемлекеттің банк жүйесіндегі қаржы тұрақтылығына қол жеткізілді.
Бақылау сұрақтары:
1. Тәуелсіздікке ие болу қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
2. Өтпелі кезеңнің экономикалық қиыншылықтары және оларды еңсеру жөніндегі шаралар.
3. Н.Ә. Назарбаевтың «Әуелі экономика, сонан соң саясат» атты қанатты нұсқамасының мәнін түсіндіріңіз.
4. Экономиканы ырықтандыру және нарықтық қатынастардың заңдық және институционалдық негізін жасау.
5. Дағдарысқа қарсы шаралардың шұғыл бағдарламасы және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету.
6. Президенттің «Егемен мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасу және даму» стратегиясы.
§ 2. Қазақстандағы эко номикалық өзгерістердің өрлеу кезеңі және олардың нәтижелері
1997 ж. дағдарыстың көптеген салдары артта қалып, бір белестен өттік, елімізде маңызды жағымды өзгерістер байқала бастады. Дағдарыстық құбылыстар ел беріктігін сынау болды, төзімділікпен қиындықтарды