Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1636-9
Скачать книгу
келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды.

      Сонымен, қорыта келгенде, ҚР президентінің тұжырымынша: «Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді. Қазақстан Каспий теңізінің айдынындағы ахуалды сенімді бақылауда ұстайды. Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз. Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық. Біздің шекарамыз, саяси жүйеміз, экономикалық үлгіміз ел ішінде де, одан сыртқары жерде де ендігі жерде елеулі келіспеушіліктер мен талас-тартыстардың өзегіне айналмайды»63.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Көрші елдермен мемлекеттік шекараны межелеу қажетгігі неден туындады?

      2. Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны айқындау мәселесі қалай шешілді?

      3. Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны айқындау келісімдерінің нәтижесі қандай?

      4. Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан арасындағы шекараны белгілеудің ерекшеліктері қандай?

      5. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қандай шаралар жүргізді?

      ІІ тарау

      ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ КАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ

      § 1. Нарықтық қайта құрудың бастапқы кезеңі

      Өтпелі кезеңнің экономикалық қиындықтары және оны жеңіп шығу шаралары

      Күрделі экономикалық дағдарыс тереңдеген жағдайда Республика тәуелсіз мемлекет ретінде тіршілік етуге бет бұрды. Нарық алдында әлеуметтік-экономикалық дағдарыс терең тамыр жайып, еліміз қиыншылыққа ұшырады. 1980 жылдардың ортасынан орын ала бастаған жағымсыз үдерістердің қарқыны үдей түсіп, еліміздің әкімшіл-әміршіл жүйесінен, меншікті мемлекеттендіру шығындылығынан туындаған ауыр экономикалық және әлеуметтік дағдарыс апаттық деңгейге таяды. Осының бәрі ілгері жылжуға емес тоқырауға бағытталып, әлемдік-техникалық прогрестен кейін қалуға себеп болды.

      Бұл жағдай біртұтас мемлекетті күйреудің ақырғы сатысына жеткізді. Мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік жабдықтандыру, сауда министрлігі сияқты, т.б. мекемелердің жойылуы, экономиканы меңгеру аясындағы әкімшіл-әміршілдік қысым көрсету, орталыктандырылған жоспарлау әрекетінің тоқталуына, бұрынғы КСРОның бірыңғай халық-шаруашылық кешеніндегі кәсіпорындар, салалар, аймақтар арасындағы ұзақ уақыт бойы қалыптасқан тығыз шаруашылықтық байланыстардың үзілуіне алып келді. Кезінде біртұтас болған мемлекеттің экономикасы қиын жағдайға ұшырады. Одақтық экономиканың жалпы төмеңдеуі 50 %-дан асты, ал АҚШ-тағы ұлы дағдарыс жылдарымен салыстырсақ, оларда экономика 29 %-ға шығынға ұшыраған еді.

      Қазақстанның басынан өткен дағдарысқа оның кеңестік экономика


<p>63</p>

«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР президентіелбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 14.12.2012 // Айқын. – 15 желтоқсан. – 2012.