екені анық. Қазақ тіліне Қытайдағы бауырларымыз аударған «Жоунаманың» түрік баянынан мынадай жолдарды оқимыз: «Былай деп те айтады: «Түріктердің арғы аталары ғұндардың солтүстігіндегі Сақ (
) елінен шықты. Олардың ұлыс абасы Абам бек деп аталды. Олар он жеті ағайынды еді. Оның бірі Іді Нышида еді, ол қасқырдан туды…»
61. Бұл деректен аңғаратынымыз, ежелгі түркі тайпаларының арғы аталарының Сақтармен тікелей байланыстылығы. Түріктердің әулетінің қасқырдан таралуы туралы дәстүрлі аңыз Сақтардың тарихына алып барады. Жалпы, Сақтар туралы Қытайда шыққан тарихи әдебиеттерде мынадай көзқарас бар: «Сақ (塞, көнеше оқылуы: сак немесе сег) – Орталық Азияда жасаған ежелгі этнос, рим жазбаларында «сага» (
– сақа, саға) немесе «азиялық скифтер» делінсе, парсылар «сака» (саға), үнділер «шек» (
) деп атаған. Бүл кейде сеймак (саймақ, семак –
) түрінде таңбаланған. Иранның сына жазу текстерінде жазылуынша, сақтар үш топқа бөлінген. Олар: хаомоварга (яғни хаомо шарабын ішетіндер), тиграхауда сақтар (яғни шошақ бөрікті сақтар), парадараия сақтар (яғни теңіздің аржағындағы сақтар). Сақтар өз заманында Орталық Азияның ішінде Іле алабын, Памир үстіртін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария, Жетісу алқаптарын мекендеген. Сақтар егіншілікпен де, мал шаруашылығымен де шұғылданған. Сақ одақтарына яксарт, массагет, исседон, дай, асқатақ, аримаспи сияқты көптеген тайпалар біріккен. Қытай жылнамаларында баяандалуынша, нүкістер мен үйсіндер батысқа ауудан ілгері Іле алқабы сақтардың атамекені екен. Сақ тайпаларының бірсыпырасы б.з.б. ІІ ғасырда қазіргі Иран, Ауғанстан, Үндістан жерлеріне және Кашмир өңіріне ығысып, жергілікті тайпалармен араласып кеткен. Ал, көшпей қалған аз бөлігі нүкістерге, кейін үйсіндерге қосылып, оларға сіңген. «Хәннамада»: «Үйсіндер ішінде сақтардың да, ұлы нүкістердің де нәсілі бар еді» деп жазылуы осыны аңғартады. Бұдан тыс, Памир үстіртіндегі кейбір елдердің тұрғындары да сақ қауымы деуге негіз бар. Хән, чин патшалықтары кезінде сақ тайпаларының бір бөлігі Тарым ойпаттарының оңтүстік батысына қоныс аударған. Дүңхуаңнан (Дахатадан) табылған үдүн (хотан) тіліндегі текстерде сақ тілінің құрамдары мол кездеседі. Мұны тіл ғалымдары «ұдұн сақтарының тілі» деп атайды. («Шыңжаң ұлттар сөздігі», 33-34 беттер; «Тарихи білім сөздігі», қазақша, 710-711 беттер. 1994 жылы, Шыңжаң халық баспасы»).