Есік қорғанынан табылған алтын жүзік. www.ggc-ez.org
Жылқыны құрбандыққа шалу сақтардан кейінгі ғұндар мен түркі тайпаларында да сабақтас дәстүр ретінде кездесіп отырады. Мұндай мәліметтер X ғасырда оғыздардың ортасында болған араб саяхатшысы Ибн Фадланның, XIII ғасырда қыпшақ тайпалары орналасқан жермен жүріп өткен Плано Карпинидің естеліктерінде де кездеседі. Ибн Фадланның шығармасында: «Егер адам қайтыс болса … 100 немесе 200 бас жылқыны, кейде 1 бас жылқыны сойып, олардың етін жейді. Ал басын, сирақтарын, терісі мен құйрығын ағашқа керіп: «бұл ат марқұмды жұмаққа апарады» деген сөздер жазылған56. Плано Карпинидің «Шығыс елдеріне саяхат» естелік-шығармасында: «Мен жақында жерленген коман (қыпшақ) мүрдесін көрдім. Мүрденің әр жағында төрттөрттен сырғауыл ағаштарға құрбандыққа шалынған 16 жылқының терілері керіліп койылған», – деп жазылған57.
Көріп отырғанымыздай, түркі дәуірінде құрбандыққа шалынған жылқы еті желініп, жылқының терілері қабірдің сыртына керіліп қойылатын болған. Бұл культтің сарқыншақтары көшпелі қазақ өмірінде де көрініс тауып отырған. Қазақтар қайтыс болған адамның мінген атының жал-құйрығын күзеп қоя беретін болған. Мұндай жылқы «тұл» аталып, бір жылдан кейін аста сойылған. Қазіргі күнде қазақтар өлім-жетім кезінде қайтыс болған адамның жетісіне, қырқына, асына жылқы малын құрбандыққа шалатынын білеміз. Әрине бұл күнге табынудың белгісі емес, мұнан тек білдірмейді. Тек жылқыны сою ежелгі дәуірден бастау алып дәстүрге айналып кеткендігін ғана байқай аламыз. Мұның өзі сақ тайпалары мен бүгінгі қазақ халқы арасындағы байланысты көрсетеді.
Археологиялық қазба жұмысы барысында сақтарда «от» культі болғанын дәлелдейтін фактілерді көруге болады. Қазақстан аумағында қола, темір дәуірлерінде өмір сүрген тайпалар отқа ерекше құрметпен қараған58. От – тамақ әзірлеу және жылыну үшін пайдаланылған. Сол себепті байырғы сақтарда отқа май құйып, иіс шығару ғұрпы болған. Зороастризмнің қасиетті кітабы «Авестада»: «жақсылық құдайы – Ахура Мазда, жамандық құдайы – Ахриман деп аталады. Ахриманның көмекшілері диюлар болып табылады. Олар адамдарды жаман қылықтар жасауға итермелейді. Егер қамырды ашытып қоятын болса, диюлар көтерілген қамырдан үрейленіп қашады», – деп көрсетілген. «Бесшатыр» қорғанын зерттеген К.А. Ақышев қазба барысында табылған күл қалдықтарын от культімен байланыстырады. Отқа табыну сақтану қызметін атқарған болуы мүмкін. 1953 жылы Есік ауылы маңынан үш мыс қазан және басқа да ыдыстар түріндегі қазына табылды. Солардың ішінде мыстан жасалған құрбандық жасауға арналған ыдыс табылды. Табақшаның ортасында малдас құрып отырған адам мен жылқы бейнелері жеке фигуралар түрінде орналастырылған59. Археологиялық қазба жұмыстары барысында ерте темір дәуіріне қатысты қола қазандардың табылуының