Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: История
Год издания: 2016
isbn: 978-601-041633-8
Скачать книгу
алып жатты. Жоғарыда айтқанымыздай, Ахеменид патшалары Кир мен Дарий Окстың (Амудария) және Яксарттың (Сырдария) арғы жағындағы теңіз жағалауындағы скифтерге немесе сақтарға қарсы әскери жорықтар жасады. Әсіресе, б.з.б. 558 ж. Иранның оңтүстік-батысындағы парсы тайпаларына билік еткен Кирдің жорықтарының тарихи ізі күні бүгінге дейін сайрап жатыр. Бұл туралы нақты деректер Бехистун жазбаларында айқын көрсетілген. Кирдің негізгі әскери күштері Вавилонды басып алғаннан кейін 545-539 жж. шығысқа қарай бағытталды. Мұның өзі осы өңірдегі сақ тайпаларын үлкен қозғалысқа келтірді. Кирден кейін билікке келген Дарий патша осы саясатты жалғастырып, Сырдың бойына жақын жерде Кир қаласы деп аталатын Куриштиш (Курушкат) қамал қорғанысын салды. Кейін бұл қамалды Александр Македонскийдің Кирофол деп атағаны белгілі.

      Міне, осы жорықтар барысында Батыс Қазақстан өңіріндегі тайпалардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты кейбір мәліметтер белгілі бола бастады. Арада жүз жыл өткеннен кейін, Геродот Кирге қарсы күрескен осы өңірдегі тайпаларды Массагеттер деп атады және оларға «үлкен және күшті тайпалар» деген сипаттама беріп үлгерді. Геродоттың айтуына қарағанда, Массагеттер Каспий теңізінен шығысқа қарай жазық далада Аракс өзенінің арғы бетінде өмір сүрген екен. Олардың қоныстанған жерлері мидай батпақ жерлерге алып барады екен. Сонымен бірге бұл кезде толық сулы өзен болған Үзбой массагеттердің оңтүстіктегі шекарасы болса керек. Осы өзеннен арғы бетке өту үшін Кир көпірлер салып, кемелерден мұнаралар тұрғызған.

      Кирдің осы елдерге жорығы массагеттердің қахарман патшайымы Томиристы тарих сахнасына шығарғаны белгілі. Әр түрлі әңгімелерге қарамастан, тарихшылар Кирдің осы Үзбой бойында, яғни Амудария жағасында қайтыс болғанын тарихи шындық ретінде қабылдайды. Бұл оқиға б.з.б. 530 ж. тамыз айында орын алған болса керек. Шынайы деректер Кирдің денесі жаудың қолында қалмай, Пасаргадыға әкелінгенін және оның басына үлкен қабір тұрғызғанын айқындап береді. Алайда парсы әскерлерінің Кир қайтыс болғаннан кейін Массагеттермен ұрысты қалай жалғастырғаны туралы біздің қолымызда мәліметтер жоқ.

      Дарийдің Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жылдан кейін, яғни б.з.б. 519 жылы қалың әскермен Сақтар еліне барғаны және оның үшкір бас киімдер киетін Сақтармен соғысып, жеңіске жеткенін, олардың бір бөлігін тұтқындап, тіптен Скунха деп аталатын көсемдерін қолға түсіргенін, онан соң бұл тайпаларға Дарийдің жаңа көсем тағайындап, бұл елді өзіне біржолата қаратқанын тарихи деректер атап көрсетеді52.

      «Массагет» атауы неге жоғалды? «Массагет» атауының тарих сахнасында уақытша қолданыста болғаны белгілі. Мұның, әрине себебі бар. С.Г. Кляшторныйдың ойынша, б.з.б. ІІІ ғ. Дах (Дай) атауы ертеректе қолданылған жалпы атау Массагетті толығымен ығыстырып шығарған. Бұл үдеріс бұл кезде тіптен, Каспий аймағында да толық аяқталған. Және тағы бір назар аударар мәселе: «солтүстік өңірде, яғни Батыс Қазақстан далаларында және Арал өңірінде


<p>52</p>

Кляшторный С.Г., Султанов ТИ. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневе- ковье. – СПб., 2004. – 39-40 с.