Сонымен бірге көптеген зерттеушілер Еуразия аймағындагы көшпеліліктің шыгу кезеңін б.з.д. 5-4 мыңжылдықтардан бастайды. Бірақ көшпелі тұрмыстың қалыптасуы жоғарыда Л.Н. Гумилев атап көрсеткендей б.з.д. 2-1 мыңжылдықтардың қиылысында аяқталды деген көзқарасты ұстанып келеді. Хазанов, Марков тәрізді зерттеушілердің ойынша көшпелілік дүниежүзілік тарихтағы айқын тарихи құбылыс ретінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта шенінде көрініс берді. Мұның өзі б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында климаттық ахуалдың өзгеруіне байланысты, яғни, бұрынғы құрғақ ауа райының орнына субатлантикалық, яғни едәуір дымқыл және суықтау табиғат ахуалының қалыптасуынан туындады. Сонымен көшпеліліктің шығуына ең басты себеп табиғи-климаттық жағдайдың өзгеруі деп қарастыратын болсақ, адамның өмір сүру аймағында күн сәулесі қуатының артуы, жердің жоғарғы қабатының жаз айында қызуы, атмосфералық құрғақшылықтардың жиі-жиі қайталанып отыруы, континентальды климаттың орын алуы, су, жайқалып өсетін өсімдік және құнарлы топырақ қорларының жетіспеуі, жауын-шашынның белгілі бір аймақтық немесе маусымдық кезеңдерде орын алуы осындай көптеген мәселелер көшпеліліктің әр түрлі формаларының қалыптасуына алып келді. Әрине, малға азық болатын жем-шөптің жетіспеуі жердің беткі қабатындағы өсімдік түрлерінің шығымдылығының нашарлығы алғашқы адамдардың жаңа жайылымды алқаптарды іздестіруге және игеруге байланысты іс-әрекеттеріне жалғасты. Сонымен қатар жайылымды алқаптардың үздіксіз өзгеріп отыруларына су қорларынының жеткіліксіздігі, су көздерінің аздығы, оған қосымша атмосфералық жауын-шашынның жетіспеуі көшпелілікті жазық далада және жоғары өрлейтін таулы, сондай-ақ тау етегіндегі аудандарда өркендетуге өзгерістер әкелді.
Сонымен бірге қысқы жағдайдағы жауған қардың қалыңдығы да бақташылар бағатын малдың түрлеріне өзгерістер енгізді. Мұндайда жылқы малы едәуір қалың қар қабатынан тұяғымен тарпып жем-шөп тауып ала алатын болса, ал ұсақ қой малына азғана қалың қар қабаты азық-түлік тауып алуға кедергі жасады. Сонымен бірге қардың қалыңдығы ғана емес, оның кейбір аймақтарда аз жаууы да көшу бағыттарын үздіксіз өзгертіп отырды. Табиғи климаттық жағдай көшпелілер айналысатын дәстүрлі мал шаруашылығының құрамындағы малдың түрлерін де осылаиша өзгерістерге ұшыратты. Мұнын өзі, әрине, көшпелілердің дәстүрлі тұрмыстық өміріне көптеген өзгерістер алып келді.
Көшпеліліктің