Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: История
Год издания: 2016
isbn: 978-601-041633-8
Скачать книгу
шығыста Минусинсктен бастап батыстағы Оралға дейін таралғанын анықтады. Кейінірек андронов ескерткіштері Оңтүстік Қазақстанда да, Жетісуда және Орта Азияда табылды.

      Андронов мәдениетінің белгілері және Қазақстандағы этномәдени ерекшеліктері. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі Қазақтан аумағында болды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін байқатты. Олардың қоныс-мекендері кең жайылымды шалғынды өзендердің жағалауларында орналасқан. Патриархаттық отбасылардың тұрғын үйлері үлкен жертөлелердің жанында шаруашылыққа қолайлы құрылыстар мен мал қамайтын қашалар салынған жерде болды. Андронов кезеңімен байланысты металдардан жасалған еңбек құралдары, тұрмыстық заттар, қару-жарақтар мен сәнді бұйымдар: ұңғысы бар, дүмі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға-шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және түрлі ілмешектер адамдардың тұрмысында көп таралды.

      Андронов тұрақтарын басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар қыш ыдыстардың өзіндік жиынтығы, формасы бар металл бұйымдар болып табылады. Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды: олар тік бұрышты, дөңгелек, және сопақша болып келеді. Кейде, мысалы, Орал өңірінде бұлардың орнына обалар түріндегі қорғандар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, немесе ерекше әдіспен бір қырынан жатқызылып, қол-аяғы жинақталып, тас тақталардан жасалған «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға жерленді.

      Ыдыстар қолдан жасалынды. Бұдан бұрын жасалынған түбі шығыңқы домаланып келетін ыдыстардың орнына, енді түбі тайпақ ыдыстар жасалына бастады. Олардың сыртқы беті тарақ тәрізді немесе басқадай күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді. Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен қыш ыдыстардың түрлерінің әдемілігі андронов мәдениетінің деңгейі жоғары болғанын көрсетеді. Бүгінгі зерттеулер қола дәуірінде өмір сүрген және андронов мәдениетін жасаған тайпалардың антропологиялық кескін-келбеттерінде еуропойдтық белгілер басым екендігін дәлелдеген.

      Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс аудандарындағы тайпалар, андроновтық, яғни протоеуропойдтық нәсілге жатады. Мұндай кескіннің өзіндік келбеті бар, мысалы бас сүйегінің жоғарғы бөлігінің орташалау көлемде, және тайпақтау болуы, төменгі жағының кең бет әлпеті, төмен орналасқан көз ұясы мен алға ұмсына біткен мұрын осы мәдениетке тән. Ал Қазақстанның батыс және оңтүстік шығысындағы тұрғындары Жерорта теңізі маңайындағы еуропойдтық нәсілдерге жақын. Олардың бас сүйегі сопақтау және ұзынша, ал бет әлпеті созылыңқы болып келеді. Осындай үлгідегі нәсілдер көбіне Еуропаның оңтүстік шығысындағы далаларда және Орта Азияның оңтүстік бөлігінде таралған. Батыс және оңтүстік батыстағы ежелгі қазақстандық тайпалардың антропологиялық құрамының араласып,