6-сурет. Салдар сипатына байланысты тәуекел түрлері
Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді. Таза тәуекелдер туындауының негізгі себептері: табиғи апаттар, соғыстар, жазатайым оқиғалар, қылмыстық әрекеттер, т.б.
Спекулятивті тәуекелдер теріс және оң нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Спекулятивті тәуекелдер туындауының негізгі себептері: нарық жағдайының өзгеруі, валюта бағамының өзгеруі, заңдар мен нормативтердің өзгеруі және т.б.
Пайда болу саласы бойынша тәуекелдер келесі түрлерге бөлінеді:
– өндірістік;
– коммерциялық;
– қаржылық;
– сақтандыру.
7-сурет. Пайда болу саласы бойынша тәуекел түрлері
Өндірістік тәуекелдер – әртүрлі факторлар әсерінен өндірістің тоқтатылу салдарынан болатын шығындармен және ең алдымен, негізгі және айналым қаражаттарын жоғалтумен байланысты тәуекелдер, сонымен қатар өндіріске жаңа техника мен технологияны ендіруге қатысты тәуекелдер. Бұл тәуекелдердің туындауының негізгі себептері: өндіріс көлемінің төмендеуі, шығындардың көбеюі, шикізат пен материалдар сапасының төмендігі, қызметкерлердің төмен біліктілігі, жабдықтардың тозуы және т.б.
8-сурет. Өндірістік тәуекелдің туындау себептері
Коммерциялық тәуекелдер – кәсіпкермен өндірілген тауарлар мен қызметтерді өткізу барысында туындайтын тәуекелдер. Бұл тәуекелдің туындау себептері: сатып алушының төлем қабілетсіздігі, тапсырыс берушінің тауарды төлеуден бас тартуы, өнім бағаларын жоғарылату, өндірілетін өнімге сұраныстың төмендеуі және т.б.
Конец ознакомительного фрагмента.
Текст предоставлен ООО «ЛитРес».
Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.
Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.