Тәуекелдің пайда болу себебі – нақты күтілмеген жағдайлардың орын алуы, яғни соңғы нәтиженің өзгеруіне алып келетін жағдайлар.
Жалпы алғанда, тәуекелдің орын алу себебіне күтілмеген жағдайда туындаған табиғи үдерістер, апаттар мен зілзалалар, көзқарастардың, мүдделердің қарама-қайшылығы, қажетті ақпараттардың анықсыздығы жатады.
Сонымен қатар тәуекелдің орын алуының объективті және субъективті себептері болуы мүмкін. Тәуекелдің субъективті себептері көбінесе экономикалық үдеріске қатысатын қатысушылар арасында ақпарат көлемінің біркелкі және толық таралмауы, яғни толыққанды ақпаратпен қатысушылардың тек бір бөлігі ғана иемденгенде орын алады. Мысалы: нарық құрылымы жайлы білім мен ақпараттың толықсыздығы жағдайында тауар ассортиментін құру саясатында қате шешім қабылданып, кейін ол өндірілген өнімді өткізу кезінде үлкен тәуекелдерге әкелуі мүмкін.
Мысалы, шикізаттың болмауына байланысты (материалды жеткізуде келісімшарттың дұрыс құрылмауына байланысты) өндірістің тоқтап қалу тәуекелі.
Тәуекелдің пайда болу себептері: жабдықтаушылардың материалды уақтылы жеткізбеуі, жабдықтаушылар санының шектеулігі, жеткізуді әртараптандырмау, жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы және т.б.
Өндірістік жоспарлар мен инновациялық жобалардың жүзеге аспай қалу тәуекелі.
Тәуекелдің себептері: қаржы ресурстарының жетіспеушілігі, қолайсыз ауа райы, технологияны дұрыс пайдаланбау, техникалық ақаулар, көтеріліс, аштық жариялау, біліктілігі жоғары кадрлардың өзге өндіріс орындарына ауысулары және т.б.
Тәуекел факторлары: баға өзгерісіндегі тұрақсыздық жағдайы, аудандағы кәсіпкерлік деңгейінің белсенділігінің төмендігі, тұрақты технологияларды дамытуға байланысты шығындардың дұрыс бөлінбеуі.
Ішкі инвестиция мен несиені ала алмау тәуекелі.
Тәуекелдің себептері: инвесторлардың кәсіпорын болашағы мен мүмкіншіліктері жайында жағымсыз әсерде болуы, кәсіпорын жайлы жағымсыз ақпараттың тарап кетуі, биржа алаңдарында кәсіпорынның акция бағасының түсуі, шығарылатын өнімге байланысты тұтынушылардың сын көзқарастары.
1. Тәуекел пайда болуының қандай факторларын білесіз?
2. Кәсіпорынның ішкі ортасына қандай факторлар ықпал етеді?
3. Өнім өндіру саласының қандай ішкі факторлары бар?
4. Тәуекелдің себептері қандай болуы мүмкін?
1.3. Тәуекелді басқару қағидалары мен негізгі ережелері
Тәуекелдің заманауи әлеуметтік-экономикалық жүйеде, менеджменттің бүкіл басқару саласында өзіндік теориялық және қолданбалы орны бар.
Көптеген басқару шешімдері тәуекелге негізделе қабылданады. Басқару мен тәуекел адамзат баласының пайда болған кезінен бастап болған. Басқару интуиция, тәжірибе және парасатты ойлау негізінде тәуекелге бара отырып жүргізіліп,