Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Экономика
Год издания: 2013
isbn: 978-601-247-814-3
Скачать книгу
Юм жазғандай, осыдан халық шаруашылығы арқылы ақшаның барлық айналым жолын көруге болады. Жалпы бағаның өсуі алдында ақша массасының ұлғаюы әр жеке тұлғаны көп еңбектенуге ынталандыратынын байқауға болады. Экономикалық әдебиеттерде қысқа уақыт аралығындағы ақшаның бейтараптылығы эффектісі Кантильон – Юм эффектісі деп атала бастады.

      Әдебиеттер:

      1. Петти У Трактат о налогах и сборах //Антология экономической классики в 2-х томах. Т.І. – М., 1993

      2. Кенэ Ф. Избранные экономические произведения. – М., 1960.

      3. Экономикалық ілімдер тарихы: жоғары оқу орындарына арналған оқулық / Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Ғ.М. Мүсіров. – Алматы-Ақтөбе: А-Полиграфия, 2006. – 314 б.

      4. Всемирная история экономической мысли: В 6 т. Т I. – М., 1987. – 606 с.

      5. Ядгаров Я.С. История экономических учений: учебник. – 4-е изд., перераб. И доп. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 480 с.

      6. http://gallery.economicus.ru

      Түйін сөздер: физиократия, Кенэнің «экономикалық кестесі», «таза өнім», индустриализм, еңбек өнімділігі, кәсіпкер, ақшаның сандық теориясы, Кантильон – Юм эффектісі.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Классикалық саяси экономияның іргелі тұжырымдамаларын атаңыздар.

      2. Классикалық мектептің дамуы қандай кезеңдерге бөлінген?

      3. У. Петтидің құн теориясының мәні.

      4. Ф. Кенэ теориясының негізгі тұжырымдары қандай?

      5. Меркантилистер мен классикалық мектеп өкілдерінің мемлекеттің рөлі туралы пікірлерін салыстырыңыздар.

      Тест тапсырмалары:

      1. Классикалық либерализм өкілдері мемлекетке қандай рөл берді?

      A. мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету;

      B. сыртқы және ішкі қауіпсіздік;

      C. көлікті ұйымдастыру және білім мен денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету;

      D. мемлекеттік заңдарды қамтамасыз ету;

      Е. барлығы дұрыс.

      2. Классикалық саяси экономияга сәйкес ақша – бұл:

      A. адамдардың жаңалығы;

      B. экономикалық өсудің маңызды факторы;

      C. қоғамдық байлықтың негізгі элементі;

      D. айырбасты жеңілдететін айналым құралы;

      Е. билеушілер енгізген тауар.

      3. У. Петти және П. Буагильбер негізін салган құн теориясында құн немен анықталады?

      A. еңбек шығындарымен (еңбек теориясы);

      B. өндіріс шығындарымен (шығындар теориясы) ;

      C. шекті пайдалылықпен;

      D. пайдалылықпен;

      Е. дұрыс жауабы жоқ.

      4. Д.Юм теориясына сәйкес, баға деңгейі немен анықталады?

      A. еңбек шығындарымен;

      B. өндіріс шығындарымен;

      C. елдегі ақша көлемімен;

      D. сұраныс шамасымен;

      Е. халық санымен.

      5. Физиократтар ел байлыгын көбейтудің негізгі көзі деп нені есептеген?

      A. ауыл шаруашылығы;

      B. сыртқы сауда;

      C. ішкі сауда;

      D. ірі өнеркәсіп;

      Е. мануфактуралық