Кенэнің пікірінше, шаруалар мен қолөнершілер салықтан босатылып, оны тек қайтарымсыз табыс табатын жер иеленушілері ғана төлеуі керек.
Экономика заңдары табиғи болғандықтан, мемлекет экономикалық өмірге араласпауы тиіс. Ол тек қана тәртіпті сақтап, жолдарды және білім алуды ғана реттеу керек.
Анн Робер Жак Тюрго өзінің еңбектерінде физиократтық жүйені дамытты, ол Людовик XVI кезінде қаржының бас бақылаушысы (қаржы министрі) қызметін атқарған. Саяси экономияның негізгі сұрақтарын Тюрго өзінің атақты «Байлықты қалыптастыру және бөлу туралы ойлар» атты еңбегінде мазмұндады. Ғалым таптарға бөлудің жаңа өлшемін – өндіріс құрал-жабдықтарына қатынасын енгізеді. Осылайша ол фермерлердің арасында екі тапты бөліп қарастырады – жұмысшы және капиталистер. Егер біріншілердің жұмысшы күшінен басқа ештеңесі болмаса, ал екінші тап өндірістің иесі болып табылады. Тура сондай бөлуді Тюрго өнімсіз тапқа жүргізеді. Осылайша қоғамда жер иелері табын қоса алғанда бес тап бар: ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптегі жұмысшылар мен капитал иелері.
Классикалықмектептіңерте даму кезеңіндегі атақты ғалымдарына Ричард Кантильон және Давид Юм жатады. Ричард Кантильон (1680-1734) ирландық көпес және қаржыгер, ол көп жылдар бойы Францияда өмір сүрген. Меркантилистік саясатты сынайтын «Сауда табиғатының тәжірибесі» атты еңбегі ол дүниеден өткеннен кейін жарық көрді (1755). Ричард Кантильон «қымбат сатып, арзан сатып алу» тезисі мемлекет үшін уақыт өте келе шығын алып келуі мүмкін, бірақ жекелеген адамдар үшін жағдай мүлдем басқаша екендігін пайымдады. Оның пікірінше, сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік арқылы қымбат сатып, арзан сатып алуға мүмкіндік туады және тура осы жағдай бәсекелес нарықтарды тепе-тең жағдайға алып келеді. Осындай жүзеге аспаған мүмкіндіктерді қолданып табыс табатын адамдарды Ричард Кантильон «кәсіпкерлер» деп атайды және кейіннен осы термин экономикалық теорияға тұрақты енді.
Ричард Кантильон алғашқылардың бірі болып «алтын ақша ағыны» механизміне сипаттама берген және барлық экономикалық тұлғалардың бастапқы құралдары бірдей дәрежеде өскен жағдайда ғана ақшаның көбеюі бағаның өсуіне әсер ететіндігін көрсетті.
Давид Юм (1711-1776) XVIII ғ. ұлы ойшылы, философ, тарихшы, экономикалық зерттеулерін негізінен ақшаның рөліне арнаған. Юм ақшаның сандық теориясының (АСТ) негізін салушы болып саналады. Юм XVI ғ. Жаңа дүниеден алтын мен күмістің ағыны көбейгенде, бұл бағаның өсуіне әсер етті, осыдан «баға төңкерісіне» сүйене отырып, ғалым бағаның деңгейі және сатып алу қабілеті айналыстағы ақша көлеміне байланысты екенін түсінеді. Сандық теорияны