Бақылау сұрақтары:
1. Меркантилизмнің теориялық негіздері қандай?
2. Неліктен меркантилистердің зерттеу нысаны айналыс саласы болған?
3. Меркантилизмнің дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
4. Меркантилизмнің мәні неде?
Тест тапсырмалары:
1. Меркантилизм қай кезеңде жақсы дамыған?
A. XVI ғ.;
B. XVIII ғ.;
C. XIX ғ. басы;
D. XVII ғ.;
Е. XIX ғ. ортасы.
2. Меркантилизм саясаты кімнің мүддесін қорғады?
A. дін өкілдерінің;
B. ұсақ қолөнершілердің;
C. сауда буржуазиясының;
D. шаруалардың;
Е. ірі жер иеленушілердің.
3. Меркантилизмге сәйкес, елдегі байлықты (алтынды) көбейтудің негізгі құралы:
A. ауыл шаруашылығы;
B. сыртқы сауда;
C. ішкі сауда;
D. ірі өнеркәсіп өндірісі;
Е. мануфактуралық өндіріс.
4. Меркантилизм қағидаларына сәйкес мемлекет қандай экономикалық саясатты жүргізуі тиіс?
A. мемлекеттің экономикаға араласпауы;
B. мемлекет елге дайын өнімдерді әкелуді ынталандыруы тиіс;
C. мемлекет елден шикізат материалдарын шығаруды ынталандыруы тиіс;
D. мемлекет бәсекелестікті ынталандыруы тиіс;
Е. мемлекет протекционистік саясатты жүргізуі тиіс.
5. Аталғандардың қайсысы кейінгі меркантилизмді сипаттамайды?
A. сыртқы сауданы ынталандыру;
B. ақшаны мемлекет шегінен шығаруға қатаң тыйым салу;
C. активті сауда балансы;
D. экспортты ынталандыру;
Е. мемлекеттің протекционистік саясаты.
6. Кейінгі меркантилизмнің маңызды белгісі:
A. активті сауда балансы саясаты;
B. ақшаны мемлекет шегінен шығаруға қатаң тыйым салу;
C. ауыл шаруашылық өндірісін ынталандыру;
D. еркін сауда саясаты;
Е. дұрыс жауабы жоқ.
7. Меркантилистердің зерттеу нысаны:
A. айналыс саласы;
B. өндірістік капитал;
C. құн заңы;
D. материалдық өндіріс;
Е. өндіріс саласы.
8. Қай ғалым меркантилизмде «ғылыми ақиқат дәні» бар деп санады?
A. А. Смит;
B. М. Фридман;
C. Т Веблен;
D. Д. Рикардо;
Е. Дж. Кейнс.
КЛАССИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ ПАИДА БОЛУЫ
Классикалық саяси экономияның жалпы сипаттамасы және дамуының негізгі кезеңдері
ХVІІ-ХVІII ғасырларда әлемдегі дамыған мемлекеттерде кәсіпкерлік іс – әрекет сауда және ақша айналысы салаларынан өнеркәсіптің көптеген салаларына кеңінен тарады. Мемлекеттің қуаттылығы және оның дамуы материалдық өндірістің дамуымен анықталды, басқаша айтқанда индустриалдыға дейінгі қоғамды индустриализм алмастырды. Экономикалық саясат саласында