Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім. Тұрғанжан Төлебаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Тұрғанжан Төлебаев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2013
isbn: 978-601-04-0107-5
Скачать книгу
тығыз байланысты және солар туралы мәліметтерді ғасырлар бойы сақтап бізге жеткізді, болашақ ұрпақтарға да жеткізеді. Ал мұның барлығы Қазақстандағы жер-су, елді мекен атауларының қасиетін арттыра, құдыреттендіре түседі. Дәл сондықтан да қазақтар үшін арғы бабаларының көзі мен сөзі болып жеткен әрбір тарихи атау қымбат, баға жетпес құндылық болып есептеледі. Сондықтан да қазақ топономикасы өте маңызды ғылым саласы. Ол әсіресе еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, басқыншылықтар мен отаршылдық барысында өзгеріп кеткен тарихи атауларды қалпына келтіру қолға алынған бүгінгі таңда ерекше маңызға ие болуы қажет. Өкінішке орай әлі де болса қазақ топономикасы туралы, әсіресе тарихи тұрғыдағы зерттеулер аз болып отыр.

      Қазақ топонимикасы тарихының сақ дәуірінен кейінгі үлкен кезеңі көне түркі дәуірі болып табылады. Түркі жазуларында кездесетін Ертіс, Селенге, Қарқұм, Қаракөл, Көміртау, т.б. жер-су атаулары ғасырлардан өтіп, бүгінге дейін жетіп отыр. Түркі дәуірінің топонимиясының таптырмас деректері Махмұд Қашқаридың (ХІ ғасыр) «Диуани лугат ат-түрк» атты тамаша еңбегінде және бірнеше картасында кездеседі. Географиялық атаулардың семантикасына көбірек назар аударған оның еңбегіндегі кейбір атаулардың түсіндірмелерінен халықтық этимологияның мысалдарын кездестіруге болады…

      Ортағасырлық қазақ топономикасы туралы деректер Мұхаммед Хайдар Дулатидың (ХҮІ ғасыр) еңбегінде де көптеп кездеседі. Мәселен ол біз қазіргі күндері Тянь-Шань деп атап жүрген тау сілемін Моғолстан тауы деп атайды. Захираддин Бабырдың «Бабырнамасында» да жер-су аттары ерекше назар аудартады. Бұл еңбектер топонимиялық тұрғыда арнайы зерттеуді қажет етеді. Өйткені олар жоңғар шапқыншылығы, патшалы Ресей мен Кеңес үкіметінің тұсындағы орыстандыру саясатының барысында өзгеріп кеткен тарихи атауларды қалпына келтіру бағытында жасалып жатқан бүгінгі және болашақтағы жұмыстарға көп көмектесері сөзсіз.

      Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жер-су, елді мекендер мен көшелер атауларындағы өзгерістер мен проблемалар туралы мәселелер жөнінде қосымша материалдардан оқып ол негіздегі тапсырмаларға назар аударыңыздар.

      Сұрақтар:

      1. Ономастиканың мәні мен мазмұны нені білдіреді?

      2. Ономастиканың қандай салалары бар?

      3. Ономастиканың деректік маңызы қандай?

      4. Антропонимика нені зерттейді?

      5. Антропонимика тарих ғылымының қандай салаларын зерттеуде маңызды орын алады?

      6. Қазақтар адам аттарын қалай қоятын болған? (жазбаша жауап беріңдер).

      7. Қазақтардағы лақап аттар қалай қойылған? Ә. Бөкейхановтың лақап аттарын толықтырыңдар.

      8. Топонимика деген не? Ол тарих ғылымының қандай салаларын зерттеуде ерекше орын алады?

      9. Топонимиканың бір саласы туралы жазбаша түрде түсініктеме беріңдер.

      10. Еуропалық топонимия туралы не білесіңдер?

      11. Қазақтың палеотопонимдері туралы не білеміз?

      12. Мадмұд Қашқари еңбектеріндегі топонимия