Топонимика тарих, география, этнология, тіл білімі сияқты ғылым салаларының зерттеу аймағы болып табылады. Өйткені ол осы ғылым салаларына қатысты деректерге сүйенеді және олармен өзара байланыста дамиды. Белгілі бір аумақтың географиялық және топографиялық атауларының жиынтығы сол аймақтың топонимиясын құрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне, не мөлшеріне қарай макротопонимдер (макрос – үлкен, ірі, топонимия – жер-су атаулары) үлкен, ірі топонимдер, яғни үлкен тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдер (мезос – орта, орташа) жеке таулар мен теңіздер, т.б.), микротопонимдер (микрос – ұсақ, кішкене) шағын көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) деп бөлінеді.
Топономика тарихты зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені әрбір жердің, судың, елді мекеннің атауын қойған адамдар. Демек ол аумақты адамдар өмір сүрген деген сөз. Ал адамдар атты бекерден бекер қоя салмаған. Жердің, судың, елді мекеннің де аты оның ерекше белгілеріне, адамдар үшін атқаратын қызметі мен орнына, маңызына қарай атайтын болған. Кейбір жер мен судың, елді мекеннің тарихи оқиғалармен, тарихи тұлғалармен байланысы да жиі кездеседі. Ондай жағдайда сол оқиға, тарихи тұлға туралы мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік туады.
Топонимия әсіресе экономикалық тарих бойынша көптеген деректер алуға болатын ғылыми сала. Жер иеліктері, оның көлемі, иелері мен өңдеушілер туралы басқа деректерде кездесе бермейтін мәліметтер дәл осы топонимиялық зерттеулер негізінде айқындалады.
Топонимия тіл тарихы, көне тілдер мен атаулар, сөздер туралы да деректерді толықтыруға, айқындауға көмектеседі.
Топонимиялық зерттеулердегі басты мәселе атаулардың дұрыс, шынайы екендігін анықтау болып табылады. Ол көбінесе топонимдердің орфографиясының тұрақсыздығына, лексикалық түрлерінің ауысып отыруына, бір объектінің әртүрлі атауларының болуына және т.б. байланысты болып келеді. Еуропалық топонимдерді зерттеу барысында кездесетін қиындықтардың бірі – ортағасырлардағы герман, кельт, венгер, түркі немесе грек