1.2. Қазақ антропонимикасы
Антропонимика грекше антропос – адам, онимия – есім, атау ұғымдарын беретін сөзден шыққан. Антропонимия – адам аттарын, есімдерін зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. Антропонимиялық зерттеулердегі басты мақсат әртүрлі деректердегі, әртүрлі аттың бір адамға тән екендігін дәлелдеу, шынайылығын айқындау болып есептеледі. Бұның өте маңызы бар екендігі, кейде тіпті бір деректің өзінде бір адамның әртүрлі аталуынан да көреміз. Мұндай жағдай әсіресе ортағасырлық кезең үшін, салақтықтың, немесе сауатсыздықтың, немесе баспаның катесінің нәтижесі емес, сол кезеңдердегі аттардың тұрақсыздығының, адамдардың екі, тіптен үш антропонимиялық жүйені қолдануынан қалыптасады. Сонымен қатар латын орфографиясы ережелерін пайдалану барысында әріптер ауысып, бір аттың өзі бірнеше түрге ұшырайды. Мысалы: Реігш, Ріеіго, Реёго, Реіег сияқты. Мұндай келеңсіздіктер орыс орфографиясын пайдалану барысында кеңестік кезеңде, тіпті қазірдің өзінде орын алуда. Мәселен Төлбай аты Тулбай, Тульбай, Тулебай, Толбай болып жазылып жүр. Бір өкініштісі латыншада бір ат болса да дұрыс жазылған болса, мына орысшада жазылған аттардың біреуі де дұрыс емес. Оның үстіне енді оларды дұрыстаудың өзі біраз мәселе тудыруда.
Ежелгі гректерде пәлен, пәленшенің ұлы деп жазылатын болған. Ал классикалық кезеңдегі Римде үш компонент: аты, рулық аты, руы таралған аты негізге алынды. Осы үш компонет болғанда ғана адам толық құқылы римдік азамат деп саналды. Христиандықтың енуі мен таралуы барысында әулиелердің, апостолдардың есімдері ене бастады.
Батыс Еуропада фамилияның пайда болуы шамамен ХІІ – ХІІІ ғасырлар деп есептеледі.
Антропонимиканы тарих ғылымының көптеген салаларында пайдалануға болады. Солардың ішінде алғашқы орынды отбасы тарихы алады. Әсіресе отбасының көлемі, құрылымы, динамикасы, ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалардың араларындағы әлеуметтік-құқықтық қатынастар туралы көптеген мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Антропонимиканы кеңірек пайдалануды қажет ететін келесі бір тарихи білім саласы – этнос тарихы. Аттар мен есімдер тек әлеуметтік қана емес, ұлттық та болып есептеледі. Есімдеріне, әкесінің атына, фамилиясына қарап, оның қандай ұлттың, этностың өкілі екендігін білуге болады. Аттар негізінде белгілі бір аймақтың ұлттық құрамы, олардың пайыздық мөлшері туралы мәліметтер ала аламыз.
Үшінші бір антропонимияның тарихи зерттеулерде пайдаланылатын саласы әлеуметтік-мәдени мәселелер тарихы. Адам аттарын, лақап есімдерін зерттеу арқылы ол кезеңдегі дүниетанымдық көзқарастар, діни нанымдар, моральдық қатынастар, мәдени ерекшеліктер, тіптен кәсіптері туралы мәліметтер жинастыруға болады.
Бұлармен қатар, антропонимиялық зерттеулер барысында тарихи