Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім. Тұрғанжан Төлебаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Тұрғанжан Төлебаев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2013
isbn: 978-601-04-0107-5
Скачать книгу
Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңын негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Аталған заңның 11-, 12-, 13-, 14-баптарында «белгілі бір нысандарға ат қою, атын өзгерту, транскрипциясын өзгерту тиісті аумақ – халқының пікірін ескере отырып жүргізіледі» делінген. Өз басым осы арада бір гәп бар деп ойлаймын. Кезінде елді мекендерді қайта атау және олардың транскрипциясын өзгерту мәселелерін шешуді жеңілдету мақсатында еліміздің Ата Заңының 86-бабының І-тармағына сүйене отырып, аталмыш заңның 3-бөлімінің ІІ-бабындағы «тиісті аумацтагы халыцтың пікірін еске ала отырып және» деген бөлігін алып тастау жөнінде ұсыныс енгізген едім. Жергілікті өкілді орғандар халықтың еркін білдіретін болса, онда белгілі бір шығындарды талап ететін артық норманың не қажеті бар? Алайда бұл ұсынысымның жолы болмады.

      Жер-су атауларын өзгерту туралы бастамалардың халықтан шығуы – міндет емес. Себебі бұрын осы атауларды өзгерткенде билік ешкімнен сұраған, ешкіммен ақылдасқан жоқ. Өз басым елді мекендерге, көшелерге, нысандарға дұрыс ат беру, түптеп келгенде, қазақ елін, ұлтты, тарихты құрметтеу деп түсінемін. Қазақтың жерін басып, суын ішіп жүрген бауырларымыз осыны ұмытпаса екен деймін.

      «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім «Айқынға» берген бір сұхбатында «Бізде әлі күнге ономастика туралы нақты заң жобасы жоқ… ал заңсыз ономастика мәселесін шешу мүмкін емес» депті. Елімізде мұндай пікірді қолдаушылар аз емес. Бұл сөздердің де жаны бар. Шынында да ұлттық ономастика туралы заң қабылдайтын мезгіл жетті. Бұл мәселені күні кеше ғана өзімізбен бір шаңырақтың астында бірге өмір сүрген елдер қалай шешіп жатыр? Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Украина елдерінде «Географиялық атаулар туралы» арнайы заң қабылданып, жер-су атауларының мемлекеттік каталогы жасалған. Польшада, Түркияда, Венгрияда да осы саладағы жұмыстар арнайы заңға сәйкес жүргізіледі. Осы заңдарда көше атауларын немесе үйлердің нөмірлерін өзгертудің жеңіл жолдары қарастырылған. Ал бізде бұл орайда кедергілер көп. Егер ономастика туралы заң қабылдап, атауды өзгертуге жауапты тиісті мекемелерді белгілеп алсақ, халықты, ел-жұртты әуре-сарсаңға салмас едік. Сөзреті келгенде айта кетейін, Мәжілістің бір топ депутаты Қазақстан Республикасының «Ономастика туралы» заңының жобасын жасап, Үкіметке ұсынған еді, содан әлі күнге дейін хабар жоқ.

      Тарихи атаулардың ұрпақ игілігі, атадан балаға жалғасып келе жатқан асыл мұра, қайталанбас құндылық екенін ескеріп, оны жаңа мазмұнмен байыта түсуді мемлекеттілікті нығайтудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастыруымыз және оны ешқандай дау-дамайсыз шешуіміз керек Оны жер иесі – қазақ жақсы түсінеді.

      Осыған дейін біз сөз етіп отырған салада біраз жұмыстар тындырылса, ол – тіл жанашырларының қолдауымен болып жатқан істер. Осындайда руханиятқа жанашыр, жігерлі басшылардың көмегі де керек Ондай басшылар елімізде бар. Мысалы, осыдан бірер жыл бұрын Астана қаласында бір күнде үш жүзден астам көше аты