Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2015
isbn: 9965-30-805-5
Скачать книгу
Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Газа секторындағы оқиғаға қатысты мәлімдемесі

      Қазақстан Республикасы бейбіт тұрғындардың қаза табуы мен зардап шегуіне, сондай-ақ Палестинадағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына душар қылған Газа секторында орын алған соңғы оқиғаларға байланысты терең алаңдаушылығы мен өкінішін білдіреді.

      Қазақстан саяси құралдар арқылы жағдайдың тез арада ретке келтірілуін қалайды және тараптарды мәселені күш қолдану жолымен шешуден бас тартуға шақырады.

      Бейбіт үдерістің түпкі мақсатына тек диалог және келіссөздер арқылы жету мүмкін.

      Қандай да бір басқа елдің немесе мемлекеттердің іс-әрекеттеріне немесе халықаралық оқиғаға қатысты мемлекеттің халықаралық-құқықтық немесе саяси ұстанымын білдіретін дипломатиялық құжаттар мағыналық мазмұны бойынша әртүрлі болып келеді.

      Олар келіскендігін, қолдағанын білдіруі, немесе керісінше осы мәселе бойынша айыптауы, бұрынғы ұсынысты, бұрынғы ұстанымын растауы, немесе басқа елдің ұсынысына қатысты ұстанымының айқындалуы; түсініктеме беруді өтінуі; сақтандыруы (жалпы түрде, нақтыламай); нақтылы әрекетке бармауға шақыруы мүмкін.

КАШМИР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰСТАНЫМЫ

      Қазақстан кашмир мәселесін бейбіт жолмен шешуді қолдайды.

      Бұл аймақтағы шиеленісті төмендетуге оң әсерін тигізбек.

      Кашмир мәселесі Үндістан мен Пәкістан мүдделерін ескере отырып, екі жақты келіссөздерде ымыраға қол жеткізу арқылы шешілуі тиіс.

      Бұл келіссөздерге, тараптардың келісімімен, БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар мамандарын тартуға болады.

      Осыған орай Үндістан мен Пәкістан қатынастарында 2004 жылдан бері орын алып отырған оң өзгерістерді қолдайды.

      Қазақстан тек қана тұрақты және кешенді диалог екі жақты мәселелердің барлығын, соның ішінде Кашмир мәселелесінің шешілуіне жетелейді деп санайды.

      Осы жағдайлардағы барлық дипломатиялық құжаттардың мақсаты – мемлекеттің саяси ұстанымын мәлімдеу, бұл жөнінде басқа мемлекеттерді хабардар ету. Ресей мен Грузия арасында 2008 жылдың 8 тамыз күні орын алған қақтығысқа қатысты:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

      Оңтүстік Осетиядағы және осы өңірдегі соңғы оқиғалар әділ және ұстамды бағалауды талап етеді, өйткені олар принципті сипаты бар бірқатар мәселелерді қозғайды.

      Оңтүстік Осетияда күрделі шиеленіскен этно-аумақтық мәселені күшпен шешуге әрекеттену ауыр салдарларға әкеліп соқты. Мәселені бейбіт жолмен және құқықтық тұрғыдан шешу едәуір қиындады.

      Өңірдегі гуманитарлық апат жағдайында Қазақстан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетуде.

      Болашақта этно-аумақтық мәселелерді шешуде – жалпы жұрт таныған халықаралық құқықтық базаға сүйенуі тиіс екені айқын.

       Скачать книгу