Дипломатиялық құжаттарда наразылық білдіру үшін қалыптасқан сөз орамдары бар: «наразылық білдіреді», «үзілді-кесілді қарсылығын мәлімдейді». Заңсыздыққа жол берген мемлекет тарапынан жасалынған іс-әрекет әлде қайда тым қатерлі, қатты болған жағдайда «үзілді-кесілді қарсылығын мәлімдейді».
Заңсыздықтың қайталанбауын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған іс-шаралармен қоса наразылық білдіру недәуір салмақты көрінетін болады. Ал егер наразылық немесе ескерту қаншама батыл жасалынғанымен заң бұзушылықтың қайталануына байланысты мардымды жауапты іс-шара қабылданбаса, ондай наразылық өзінің мәнін жоғалтады. Дипломатиялық тәжірибеде наразылық басым жағдайда вербальді нота түрінде, кейде үкіметтің, Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеме жасауының негізінде жүзеге асады.
Өткен дипломатия тарихынан мысал келтіретін болсақ, Кеңестік үкіметтің АҚШ үкіметіне арналған нотасы 1964 жылдың 11наурызындағы американдық реактивті әскери ұшақтың Германия Демократиялық Республикасының әуе кеңістігін бұзып кіруіне байланысты болды: «Кеңестік үкімет АҚШ-тың әскери-әуе күштерінің жаңа басқыншылық әрекетіне қатысты үзілді-кесілді қарсылығын мәлімдейді және осы әрекеттің және оның мүмкін болатын салдары үшін барлық жауаптылық америка жағына жүктелетіндігін атап өтеді. Кеңестік үкімет американдық әскери билік тарапынан осындай іс-әрекеттердің белең алуы, американдық тараптан да бірнеше рет ұмтылатындығы жөнінде мәлімделінген КСРО мен АҚШ арасындағы қатынастарды жақсарту міндетімен үйлеспейтіндігіне өзінің өкінішін білдіреді. КСРО Үкіметі әлем ісіне қауіп төндіретін осындай әрекеттің болашақта қайталанбауы үшін Америка Құрама Штаттарының үкіметі тиісті шаралар қабылдайтындығын күтеді». Нотада наразылық білдірумен қоса тікелей ескерту де келтірілген «егер қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты кеңестік әскери әуе күштерінің ауданына НАТО елдерінің әскери ұшақтары кіретін болса, онда олар қону бұйрығын орындамаған жағдайда барлық қажетті қорғаныс құралдарын пайдалану нәтижесінде жойылатын болады». Бұл ескерту нақтылы дерекпен нығайтылады, өйткені нотада келтірілген американдық әскери кінәлі ұшақ кеңестік қарулы күштерінің әуе кеңістігін қорғау жөніндегі нұсқауына сай қабылданған шараларының негізінде Германия Демократиялық Респуб-ликасының аумағына құлаған болатын.
Яғни, келтірілген мысалда көрсетілгендей, наразылық білдіретін дипломатиялық құжаттарда сонымен бірге мүмкін болатын қарсы жауап қадамдарын да ескертуіне болады.
Наразылық білдіру және мүмкін болатын қарсы жауап қадамдарды да ескертуі бір дипломатиялық құжатта үйлесуі мүмкін. Бірақ мүмкін болатын қарсы жауап қадамдарды ескерту жөніндегі дипломатиялық құжаттар дербес мәнге де ие. Өйткені дипломатияда ескерту, басқыншылықтың алдын алу тәсілі айрықша рөл ойнайды, нақты айтқанда егер болу мүмкіндігі айқын