Халықаралық даулы мәселелердің шешімін табу мақсатына, халықаралық қақтығыстардың алдын алу немесе оларды тоқтатуға арналған ұсыныстарды дайындау барысында сол қақтығыстарға қатысты мемлекеттердің өз іс-әрекеттерін бүркемелеу жолында небір айла, әдіс-тәсіл пайдаланатынын да ескеру қажет.
Әлемдік мүдде мен халықтың қалауына сай ұсынысты ұсынған дипломатияның міндеті дипломатиялық құжаттарды дайындау кезінде қарсы жақтың өз іс-әрекеттерін ақтау мақсатында небір сылтау іздеу мүмкіндігін тарылту. Бейбіт келісімге келудің негізі болатын ұсыныстан қарсы тараптың бас тартуын немесе оны ауытқуын жоққа шығаруға бар мүмкіндікті пайдалану.
Ұсыныстар көптеген жағдайларда жазбаша түрде нақтылы дипломатиялық құжаттарда ресімделеді және біз сараптап жатқан мәтіннің мағыналы өзегінде, бұл өз кезегінде мағыналы өзектің нақтылы, ешқандай жалғандық болмауын талап етеді. Дипломатиялық құжаттардың мағыналық өзегі дұрыс айқындалған болса көздеген мақсатқа жетуде қарсы тараптың ұсыныстан бас тарту мүмкіндігін де шектейді. Бұл халықаралық шиеленісті жағдайды әлсірету мақсатының жүзеге асуына мүмкіндік туғызады. Халықаралық тәжірибеден белгілі болғандай, тіпті әлемге ауадай қажет қарусыздану мәселесін талқылау келіссөздеріне жету үшін қаншама тер төгіп, белсенділік көрсету қажет. Кейбір жағдайда үміттенетін нәтижеге салалық тұрғыдан жету тәсілін қолданған дұрыс, яғни келіссөздердің талқылау тақырыбы ретінде қару-жарақтардың нақтылы бір түрін, мысалы, орта қашықтықтағы ядролық қаруларды немесе химиялық қару-жарақтарды алуға болады. Қару-жарақ пайдалануды шектеуді қарастырудың кейбір қырларын жер шарының нақтылы бір аудандарына қарасты алуға болады, мысалы Азиядағы қарулы күштер мен қару-жарақтарды қысқарту жөніндегі келіссөздер.
Халықаралық келіссөздер мен мәжілістердің табысты аяқталуына тараптар арасындағы талқылауға түсетін мәселелердің шеңберін дәл айқындап алу да мәнді жайт. Басқаша айтқанда, келіссөздер мен мәжілістердің күн тәртібі алдын-ала нақты белгілі болса, келісімге жету мүмкіндігі де айқындала түседі. Сондықтан да күн тәртібі жөнінде ұсыныс жасаудың саяси және тәжірибелік мәні өте зор, тіпті күн тәртібінің өзі дипломатиялық құжаттардың мағыналық өзегі болуы мүмкін.
Бүгінгі халықаралық өмірдің маңызды мәселелеріне қатысты ұсыныстар БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында қаралатын қарарлардың жобаларында, халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялардың жобаларында да орын алады.
Қаралған мысалдар дипломатиялық құжаттардың ішкі мазмұны бойынша ұсынысты білдіретін мағыналық өзегіне дәйектемелер. Әрине, дипломатиялық құжаттармен