Пирамида туралы да жел сөздер болғанымен, ол Астананың мақтанышы, бiр символы болып қала бермек. Ендi пирамиданың символдық мәнiсiн тарқатып көрелiк.
Бiрiншiден, пирамида – елдiң тұрақтылығының әрi оның iргесiнiң берiктiлiгiнiң символы, себебi пирамида дегенiмiз – үшбұрыштардың шексiз комбинациясы. Пирамида – геометриялық фигура ретiнде үшбұрыштар комбинациясының шексiз гармониясын бiлдiретiн теңдесi жоқ құбылыс. Көпшiлiк әу бастан белгiлi әлемдiк геометриялық конструкцияда ең берiк фигура – үшбұрыш екенiн бiледi. Бұл – аксиома. Әйгiлi Пифагор теориясының мазмұны да осы мәселеге арналған. Демек, пирамида тұрақтылықтың символы болатыны да сондықтан, әлемде «бәрi уақыттан, ал уақыт пирамидадан қорқады» деген әйгiлi мәтел де тегiн айтылмаған. Ендеше, неге Астанадағы пирамида ғимараты ел бiрлiгi, ынтымақтастығы, одан бастап халық тұтастығы деген асқақ идеяға арна болмас-қа. Ойланатын мәселе, геометриялық ойлау жүйесi – адамзаттың дүниетанымының асыл арнасы. Ой өзегi геометриядан басталған, оның озық үлгiсiн көне египеттiктер жасаған, ол – пирамидалық ойлау жүйесi. Бұл әлем картинасын жасаудың алғашқы озық үлгiсi болған. Пирамидалық құбылыстардың Марстан, жердегi байырғы Америка континентiнен табылып жатқаны тегiн емес. Тұрақты тұрмыс кешу адамзат баласының асыл арманы болған, сол арманды нақтылағанда пирамидалық конструкция жүйесi өмiрге келген. Бүгiнде әлем ғалымдары Хеопс пирамидасының қалай салынғаны, неге салынғаны, оның философиялық мазмұны дегенде әлi бiр шешiмге келмеген. Бiрақ бiр мәселенiң басы ашық, пирамида – тұрақтылық пен мәңгiлiктiң символы. Бұл символ, әрине, билiкке, оның қуатына әрi мүмкiндiгiне қатысты. Мұндай символдар түркi, одан бертiнде қа-зақ халқында да болған, соның бiр айшықты дәлелi – Қозы көрпеш – Баян сұлу мазары. Бұл тек бiр-бiрiне ғашық болып, құрбан болған қыз бен жiгiтке арналмаған, оның мәнi тереңде. Ол сол дәуiрдiң айтулы геосаяси жағдайына тiкелей қатысты салынған тарихи пирамидалық