Мәдени антропология. Әлия Масалимова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Әлия Масалимова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2011
isbn: 978-601-247-244-8
Скачать книгу
бар тарихи, дамушы, зерттелуге келетін, символдарға негізделген, сонымен қатар биологиялық мұраны қамтиды, дегенмен де биологиялық мұрагерлік механизм жолдарынан мүлде өзгеше беріледі. Ол эмоционалды деңгейде қабылданады немесе индивидтер тұрғысынан теріске шығарылады.

      Мәдениетте оның тіршілік ету жолдарына сәйкес үш негізгі бөліктерін бөліп көрсетеді4.

      1. Адамдардың «инерциялық» қоғамдық саналары идеялық-теоретикалық және қоғамдық-психологиялық деңгейі ретінде.

      2. Оның жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерде көрініс беруі.

      3. Іс-әрекеттің «заттандырылған» нәтижелері материалды және рухани мәдениет ретінде.

      Ерекше қоғамдық жол ретінде, адамзат іс-әрекеттерін жүзеге асыру технологиясы ретіндегі мәдениет концепциясының әдіснамалық артықшылығы оның мәдениетті біртұтас социумнан бөліп көрсетіп, сонымен оның түрлі көріністерімен теориялық интеграциясын көрсете білуінде.

      Мәдениет түсінігіне өмір сүру жолы (образы) түсінігі етене жақын болып келеді. Бұл екі түсінік те, адамдар іс-әрекетінің қоғамдық жолы болып табылатын бір шынайылықты білдіреді, бұл тұста мәдениет осы жолдың жан-жақты көрсеткіші болса, өмір сүру образы жеке тұлғалар мен қоғамдық топтар тәжірибесінде оның көрсеткіштерімен шектелген болып келеді. Бұл тұста, өмір сүру образы белгілі бір адамдар қауымдастығының жалпы мәдени қорын тәжірибелі актуализациялау болып түсіндіріледі.

      Жазба мәдениеті жоқ қоғамдарда ғана жалпы мәдени қор есте сақтаудың өзге жолдарының болмауына байланысты сол қоғам мүшелерінің жадында сақталып, олардың күнделікті тұрмыстарында көрініс табады. Жазба мәдениеті жоқ қоғамдардағы мәдени мұра кез-келген ересек тұлғаның мәдени мұрасына сәйкес келеді.

      Жазудың пайда болып дамуына байланысты:

      а) мәдениет мазмұны өмір сүру образымен тек жекеленген тұста ғана сәйкес келіп, оны көлемі жағынан басым түседі;

      б) белгілі бір қауымдастықтың өмір сүру образы барлығын анықтамайды, тек өзіне қарасты жеке тұлғалардың өмір сүру образдарының жалпы белгілерін ғана анықтайды. Осыған байланысты айта кетер жайт, жазба жоғарыда аталған сәйкестіктерді бір өзі ғана бұзған, ол тек материалдық-өндірістік тәжірибе мен қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді жүзеге асыру мен бекітуде қажетті құрал болып табылды.

      Жазуы жоқ мәдениеттерде тәжірибенің өзі міндетті түрде таза эмперикалық, нақты болып келіп, адамдардың өмірлік тәжірибесін тікелей қамтамасыз ететін немесе сол мақсатта жүзеге асуға мүмкіндіктері бар іс-әрекеттер модельдерімен, түсініктермен, білім шеңберімен шектелді. Тіпті алғашқы қауымдық қоғам адамдарының қоғамдық тәжірибесінің ең «алшақ» элементтері – табиғат пен қоғамдық өмірге деген діни-мифологиялық және көркем көзқарастар олардың салттық тәжірибемен тығыз байланысты болу себебінен сөздік фольклор формасында сақталып отырды. Осыдан тек сөздік қорда ғана емес, сонымен қатар дәстүрлік іc-әрекет шынайылығында таралуға мүмкіндік алатын образдылық, осы


<p>4</p>

Маркарян Э.С. Очерки теории культуры. – М., 1983. С. 65.