в) жас/жыныс құрамы
Қазақтардың ауыл-село халқы құрамында еркектер басым болды: бір жасқа дейінгілер арасында – еркек – 54 441, әйел – 49 611; 8 – 12 жас аралығында – 173 344 еркек, 152 566 әйел; 13 – 18 жас аралығында – 243 364 еркек, 185 943 әйел; 30 – 39 жас аралығында – 293 510 еркек, 265 247 әйел; 55 – 59 жас аралығында – 64 927 еркек, 47 306 әйел кездесті136. «Басқалары», оның ішінде еуропалықтар басым бөлігінде жағдай басқаша қалыптасты: орыстар арасында 19 – 25 жас аралығына – 61 859 еркек, 70 699 әйел; украиндарда 19 – 25 жастағыларына 52 252 еркек, 54 545 әйел; орыстардың 30 – 39 жастағыларына – 49 931 еркек, 55 437 әйел; украиндардың 55 – 59 жастағыларына 8 889 еркек, 10 942 әйел келді137.
1928 жылдың 1 қаңтарында Қазақ АКСР-інің қала халқының сипаты: қазақтар арасында бір жасқа дейінгілер – 2 060 еркек, 1 355 әйел; орыстар арасында – 6 149 еркек, 6 935 әйел; украиндарда – 736 еркек, 1 437 әйел; ал 13 – 18 жас аралығында – қазақтарда – 7 307 еркек, 3 524 әйел; орыстарда – 21 405 еркек, 24 189 әйел; украиндарда – 2 376 еркек, 2 613 әйел; 30 – 39 жас аралығындағы қазақтар арасында – 7 179 еркек, 4 816 әйел; орыстарда – 18 900 еркек, 20 069 әйел; украиндар арасында – 2 637 еркек, 2 032 әйел138 болды.
Сонда, Қазақ АКСР-інде шамамен жынысы жағынан 100 әйелге – 104,92 еркек, қалада 100 әйелге – 99,20 еркектен келген.
г) халықтың ұлттық құрамы
1926 жыл санағы бойынша Қазақ АКСР-і халқының ұлттық құрамы әртүрлі болды. Республикада барлығы 20-дан астам ұлт өкілдері тұрды. 1925 жылдан «қазақтар» деген атау орнына «казактар» сөзі қолданылып келген. «Қазақтар» сөзінің дұрыс аталуы тек 30-жылдардан басталды. Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарының ережесіне сәйкес халықтың 70 %-ы бір халық өкілдерінен құралса, онда бұндай әкімшілік бір ұлтты деп есептелді139. Бұл көзқарас тұрғысынан Адай (барлығы – 135 555, оның 131 476-сы қазақтар), Қарқаралы (барлығы – 183 089, оның 178 388-і қазақтар), Қызылорда (барлығы – 317 051, оның 276 483-і қазақтар), Гурьев (барлығы – 168 526, оның 138 656-сы қазақтар), Сырдария (барлығы – 885 280, оның – 643 763-і қазақтар), Орал (барлығы – 436 678, оның – 303 528-і қазақтар) округтері бірыңғай бір ұлтты болды. Бес мал шаруашылықты округ пен бір мал және егін шаруашылықты округ бірыңғай қазақтардан құралды.
Ал, Петропавл округіне 69,4 % орыстар мен украиндар қоныстанды (барлығы – 723 985; оның 171 085-і қазақтар, 317 774-і орыстар, 184 333-і украиндар). Қалған егін және мал шаруашылықты округтер аралас ұлт өкілдерінен құралды, бірақ Қостанай (43,0 %) және Павлодар (53,4 %) округтерінде қазақтар басым болды. Қарақалпақ автономиялық облысында жергілікті ұлт өкілі – қарақалпақтар басым болды (барлығы – 304 541, оның 116 125-і қарақалпақтар).
1928 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанда барлығы 57,7 % қазақтар; 19,8 % орыстар; 13,2 % украиндар; 3,5 % өзбектер; 1,9 % қарақалпақтар; 1,2 % татарлар; 0,8 % таранчалар; 0,8 % немістер; 0,4 % эрзя (мордвалар); 0,3 % белорустар; 0,2 % қырғыздар; 0,1 % түрікмендер; 0,1 % дұнғандар; 0,1 % тәжіктер; 0,5 % басқа ұлт өкілдері өмір сүрді140.
Орыстар, украиндар, немістер және белорустардың қазақ даласына қоныс аудару отаршылдық саясаттың салдарынан болған еді. Өзбектер Қазақстанның Шымкент, Әулиеата, Түркістан сияқты ірі қалаларында шоғырланды141. А.Н.Доничтың