1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: К. А. Саркенова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: История
Год издания: 2011
isbn: 9965-29-641-3
Скачать книгу
жапырақтарын жеді. Кейбір аудандарда олар ит, мысық тағы да басқа ұсақ жәндіктермен және қоймалардан ұрлап алынған терілермен қоректенді. Орал губерниясында, т.б. жерлерде адам етін жеу кездесті. Аштық жайлаған аудандарда ұрлық, кісі өлтіру қылмыстары белең алды, аштық салдарынан есінен адасу фактілері кездесті.

Жұт салдарынан бар малынан айрылған, нәтижесінде аштыққа ұшыраған даланың көшпелі қазақтары бүкіл отбасыларымен қыстауларда қырыла бастады. Аштыққа ұшырағандардың жалпы саны республикада 1 476 985 адам болды, оның 558 392-і балалар еді101. (1922 – 1923 жылдардың дерегі бойынша, республикадағы ашыққандардың ең жоғарғы көрсеткіші – 2 305 321 адам болған102). Олардың губерниялар бойынша таралуы: Орынборда – ересектері – 138 339, балалар – 209 671; Ақтөбеде – ересектері – 171 389, балалар – 134 000; Қостанайда – ересектері – 217 365, балалар – 96 935; Оралда – ересектері – 123 600, балалар – 103 500; Бөкейде – 100 000 адам; Адай уезінде – 75 000 адам; Семейде – 5 616 адам; Ақмолада – ересегі – 92 000, балалары – 9 670 болды103. Қазақстан бір жыл ішінде шамамен 1,4 млн. адамынан айрылды. Кейбір деректер бойынша республика халқы 1921 жылы 3 596 999104 адам, оның 3 208 900-і ауылда, ал 388 099-ы қалада тұрған. Жоғарыда атап кеткеніміздей, Қазақ АКСР-інде 1922 жылдан бастап іріктелген санақ басталды. Мақсаты – аз қаржы жұмсап, халық, мал басы, егістіктегі өзгерістерді есептеп, қорытынды шығару. Шығынды азайту мақсатында Бүкілресейлік статистика орталығы іріктеу санағына болыстық санақшыларды пайдалануды ұсынды, бірақ Қазақ АКСР-інің көптеген губернияларында бұндай қызмет түрі болған жоқ әрі Қазақ АКСР-і аумағының шашыраңқылығы, халықтың жартылай сауатсыздығы, байланыс жүйесінің нашарлығы болыстық статистиктер арқылы іріктеу санағын жүргізуде жеткілікті нәтижелер бермеді. Сондықтан Қазақ АКСР-і статистика басқармасына қаржы қиындығына қарамастан экспедициялық әдісті қолдануға тура келді.

Бұл санақ түрінің формулярына мыналар кірді:

1) Мекендердегі үй қожайындарының тізімі;

2) Орал облысынан басқа губерниялардың барлығына арналған 1923 және 1924 жылдардың егістік пен мал басына, халық санына арналған тіркеу қағазы, яғни Орталықтың бағдарламасы бойынша әрбір шаруашылыққа арналып құрастырылған карточка;

3) Оған қосымша – астық-жемшөптік баланс карточкасы – ол Ақмола, Бөкей, Қостанай губернияларының әрбір төртінші шаруашылығына, Орынбор губерниясында сұрастырылған шаруашылықтың 100 %-ына арналып құрастырылды. Астық-жемшөптік карточка 1923 жылғы шаруашылық элементтерінің кіріс-шығысын, 1924 жылдың көрсеткішін тексеруге арналды.

4) Жергілікті нарықтың көлемі мен шаруашылықтың тауарлылығын анықтау мақсатында орталықтың бағдарламасы бойынша сұрастырылған шаруашылықтың 6–7 %-ызын қамтыған шаруа шаруашылықтарының нарықтық айналым карточкасы (Қазақ АКСР-і ОСБ-ның нұсқауымен кеңес шаруашылықтарына таратылған арнаулы карточка-анкеталар)105. Сонымен, 1923 жылғы ауыл шаруашылығы іріктеу санағы бойынша шаруа шаруашылықтарының жалпы саны 675 686, Адай уезін есептемегенде, 1920 жылғы Бүкілресейлік ауыл шаруашылығы санағы бойынша тіркеуге алынған шаруашылықтардың

101

Стенографический отчет 2-Всекиргизской концеренции РКП(б). 19 – 27 февраля 1922 г. – Оренбург, 1922. – С. 75.

102

План работ ЦК ПомГол при КЦИК на 1922 – 1923 гг. – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 139-қ., 1-т., 336-іс, 45 – 46-п.

103

Стенографический отчет 2-Всекиргизской концеренции РКП(б). 19 – 27 февраля 1922 г. – Оренбург, 1922. – С. 75.

104

Сборник статистических сведений о движении населения, скота и урожаев в КазАССР с 1880 – 1922 гг. Таблицы. – Оренбург, 1925. – С. 18 – 19.

105

Статистический вестник. 1924. № 4. – С. 139 – 140.