Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Мифы. Легенды. Эпос
Год издания: 0
isbn: 9785449876317
Скачать книгу
қонақтардың біреуі тысқа шығып кетеді. Үй иесі қалған екеуінен:

      – Әлгі жігіт қандай адам? – деп сұрайды.

      Қонақтар:

      – Ол өзі бір есек, – дейді. Жігіт қайтып келген соң, үйдегі екі қонақ та аттарын көріп келуге шығады. Үй иесі қалған қонақтан:

      – Бұлар кім өздері? – деп сұрайды. Қонақ:

      – Бұлар бір жүрген ит, шошқа, – дейді. Кешке ас ішер кезде үй иесі қонақтардың адына бір дорба сұлы, бір мүжілген сүйек, суға былғаған бір шылапшын кебек қояды.

      Қонақтар аң-таң болып ашуланады:

      Үй иесі:

      – Өздеріңіз бір-біріңізді есек, ит, шошқа деп таныстырғаннан кейін, әрқайсысыңыздың сүйген тамақтарыңызды әзірлетіп едім, – дейді.

      ӘЗІЛІҢ ЖАРАССА, АТАҢМЕН ОЙНА

      Өкей өзінің туған әкесімен де қатты қалжыңдасатын. Бірде ол әкесімен бірге дастарқанға отырып әйеліне «сорпа әкел» дейді. Сорпа өте ыстық болса керек. Өкей алдымен өзі ұрттап көреді де, әкесіне беріп жатып, әйеліне:

      – Мына сорпаң сап-салқын ғой, әйтеуір ісің бір оңбайды, – деп ренжіген

      сыңай танытады. Мұны естіп отырған әкесі сорпаны қаттырақ ұрттап қалып, аузын күйдіріп алады. Біресе ашуланып, біресе күліп, не істерін білмей қалған әкесіне:

      – Апыр-ай, осынша жасқа келгенде, бала сиқты мұныңыз не, байқамайсыз ба? – деп «ақыл» айтыпты.

      Әзілің жарасса, дос-жаран, қатарластарыңмен ғана емес, үлкен-кішімен де ойнауға, қалжыңдасуға болады деген ойды береді.

      ӘКЕ АҚЫЛЫ АҚЫЛ-АҚ

      Ертеде бір байдың жалғыз ұлы болыпты. Әкесі қанша ақыл айтса да, дүние-мал жинау орнына оны оңды-солды шашыпты. Өзі секілді достарымен бірге қызық қуып, той тойлаудан басқаны білмепті. Бір күні әкесі қатты ауырып, өлетін күні жақындағанда баласын шақырып алып, былай деп өисет айтыпты: «Балам, сенің жағдайыңды біліп отырмын. Менің көзім тіріде айтқаныммен жүрмедің. Енді бұдан былай осы бетіңмен кете берсең, барлық дүние-мүліктен айырылып, қайыршы болып шығасың. Әрине, қайыршылық өмірге шыдамай, өлгің келеді. „Жақсы ит өлігін көрсетпейді“ демекші, сен ит емес, адамсың ғой. Осы үйдің төбесіне бір ағаш дайындап қойдым, өмірден түңілгенде соған асылып өлерсің. Менің өсиетім, соңғы ақылым осы».

      Көп ұзамай әкесі қайтыс болады. Жігіт әкесінің тірнектеп жиған дүниесін шашуға кіріседі. Күнде той, күнде думан. Қанша мал болса да бей-берекет жұмсалған байлық ақыры таусылады. Не керек дос, жолдас болып жүргендер сырт айналып кетеді. Әйелі мен баласы күн көре алмаған соң, өз әке-шешесінің үйіне барып сағалайды. Не істерін білмеген жігіт өмірден түңіледі. Сол кезде әкесінің баяғыда айтқан ақылы, ең соңғы өсиеті есіне түседі. «Қой, былай қор болғанымша, асылып өлейін», – дейді. Арқан алып, әкесі дайындап кеткен ағашқа арқанды байлап, мойнына салып, өзін төмен тастап жібергенде, ағаш морт сыныпты. Сонда ағаштың арасынан алтын ақшалар сауылдап төгіліпті. Сөйтсе, әкесі өлердің алдында ағаштың ішіне көп ақша тығып, оның арасын білдірмей аралап қойған екен.

      Одан кейін жігіт өз қателігін түсініпті. Дүниені босқа шашқанын қойып, жұмыс істеп, еңбек етіп, бай-бақуат, дәулетті өмір кешіпті.

      Әке ақылы – өмірлік тәжірбиеден