Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Кеңес Оразбекұлы
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Мифы. Легенды. Эпос
Год издания: 0
isbn: 9785449876317
Скачать книгу
сары тамыз күнінде Тілеміс шешен үш-төрт жолдасымен бір байдың үйіне түседі. Бай үйі мал соймай, шай қоймай, анау- мынаумен айналысқансып жүріп алады. Сонда Тілеміс оң жақтағы жолдасының кеудесінен періп жібереді де:

      – Тамақсау ит-ау, жүрегің үзіліп бара ма? Келгеніміз осы ғой, қолдары да тимей жатыр. Асықпасаң қозы да сойылады, шай да қойылады… – деп жатқандарын естіген бай балалары :

      – Қонақтар төбелесіп жатыр, – деп шешелеріне, әйелі байға айтады. Тілемістің сырын білетін бай сезе қойып, «аш бәледен, қаш бәле» деген деп, мал да сояды, май да, шай да қояды. Барын беріп күтіп жібереді.

      Бәлеқор, бұзық адамдармен дос, жолдас болма, ондай адамдардың жанына жолама, бәледен аулақ жүр немесе бастан құлақ садақа деген мағыналарда ұғынылады.

      АШКӨЗДІК КІМГЕ АБЫРОЙ ӘПЕРГЕН

      Қанша құйса да толмайтын шыңырау сияқты, дүние қусаң, түбіне жетпейсің. Сол дүниеқоңыздықпен жүріп, өзіңнің де адамдықтан шығып, тұңғиыққа батып кеткеніңді білмей қаласың. Абырой таппайсың, деген ойды білдіреді.

      Баяғы заманда ағайынды үш жігіт болыпты. Бір күні үшеуі сапар шегіп келе жатып, бір қап алтын тауып алыпты. Бөліп алмақ болып, базарға келіпті. Бір шетке жайғасыпты да, екі ағасы інісін қымыз әкелуге жұмсапты.

      – Олжамызға ортақтастырмай, бұл сұмды өлтіріп тастайық, – десіпті екеуі інісі кетісімен.

      Інісі қымыз алып, қайтып оралғанда, екеуі тап береді де, әп-сәтте шаруасын тындырады. Сөйтіп қымызға бас қояды.

      Бір уақытта екі ағасының іштері ауырып, сол жерде жан тапсырады. Сөйтсе інісі: «Мен екі ағамды өлтірсем, бір қап алтын түгел өзіме қалады» деп, қымызға у салып әкелген екен. Үшеуі де сол жерде жан тапсырып, бір қап алтын далада қалыпты. «Ашкөздік кімге абырой әперген».

      АШТЫҚТА ЖЕГЕН ҚҰЙҚАНЫҢ

      ДӘМІ АУЫЗДАН КЕТПЕЙДІ

      Ілгеріде болған ерекше оқиғаның естен кетпейтінін жеткізерде немесе жақсы күндерді еске түсіргенде осы бейнелі сөзді қолданады.

      Бір жолы данышпаннан:

      – Дүниеде қандай тағам ең дәмді, әрі сүйкімді деп ойлайсыз? – деп сұрапты. Әлгі данышпан сонда:

      – Дүниедегі ең дәмді тағам – аштықта жеген тағам. Оның дәмі ешқашан ауыздан кетпейді, – деп жауап беріпті.

      Соған қарағанда, «Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді», деп айтқан қазекем әрі данышпан, әрі көреген-ау.

      АШУ – ДҰШПАН, АҚЫЛ – ДОС,

      АҚЫЛЫҢА АҚЫЛ ҚОС

      Қазыбектің аталас ағайындары – Бертіс би мен Тілеуке би мұның ел ішіндегі абыройын көре алмай, жастарының үлкендігін малданып, оны бір күні шақырып алады. Әуелі Бертіс би тұрып:

      Ақылы елден артылған,

      Ақылың болса мақтан.

      Ынтымағы жұрттан асқан,

      Жақының болса мақтан.

      Сенің жасың кіші ғой,

      Ағаңның алдына шығудан сақтан! – деп ескертеді.

      Қазыбек оларға:

      Бір бала бар —

      Атаға жете туады.

      Бір бала бар —

      Атадан өте туады.

      Бір бала бар —

      Кері