Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Гүлзағира Атаханова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1735-9
Скачать книгу
анықтау маңызды.

      Ірі мөлшерде ұрлау жөніндегі қылмыстық жауапкершілік туралы заңда қылмыстың қандай түрде және қандай амалмен жасалғандығы ғана емес, сонымен бірге “қайталанғандығы”, “алдын-ала келісім жасалған топтың қылмысы” деген ауырлататын жағдайлар да көрсетілген.

      И.Х.Какимов саралау жағдайларының саяси және құқықтық маңызын ескере отырып, “ірі мөлшерде ұрлаудың түсінігін нақтылай түсу қажеттігін көрсетеді. Қылмыс қандай түрде және қандай амалмен жасалған: “таза” қылмыс па (ұрлық, алаяқтық) немесе түрлі қылмыстың қосындысы ма (ұрлау, тонау немесе алаяқтық), осы жағдайларын анықтап алу керек.

      Біздің пікіріміз бойынша: ірі мөлшердегі ұрлық деп ұрлықтың барлық түріндегі жазаны ауырлататын белгі ретінде қарастыруды айтамыз. Ірі мөлшердегі ұрлықты жеке бап ретінде бөлудің қажеттігі жоқ.

      Атылатын қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ірі мөлшерде және аса ірі мөлшерде ұрлағанда қылмысты саралаудың басқа тәртібі қолданылуы тиіс және қолданылады да (255 бап).

      Біздің ойымызша мұндай жағдайда, тек қоғам қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен бірге меншікке қастандық жасалған деп бағалаған жөн, өйткені жәбірленушіге елеулі түрде мүліктік зиян келеді.

      Ұрланған мүліктің мөлшеріне қарай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу бірнеше түрге бөлінеді. Әрекеттегі қылмыстық заңнамада бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің үш түрі көрсетілген: жай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу, ірі мөлшердегі және аса ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу.

      ҚК-тің 6-тарауының ескертпесінің 3 бөлігіне сәйкес, ұрланған мүліктің құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген бес жүз есе асып түсетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, мұндай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу ірі мөлшерде деп танылады. Ұрланған мүліктің мөлшері көрсетілген мөлшерден 1000 және одан астам есе болса, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу аса ірі деп анықталады.

      Жай бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу жағдайында алынған мүліктің мөлшері ерекше әдіспен анықталады. Сонымен қатар, заң шығарушы ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуді бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің түрі ретінде қалдырып, бірақ оны қылмыс емес, әкімшілік жауаптылыққа жатқызды. 175 бабының ескертпесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 51 бабына сәйкес, ұсақ бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 51 бабының ескертпесіне сәйкес, заңды тұлғаның мүлкін қылмыстық әрекет жасалған кезде он еселік мөлшерінен аспайтын сомада ұрлау, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету арқылы бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу, сондай-ақ топтасқан адамдар жасаған ұрлықты немесе оның үстіндегі киімінен, қол жүгінен, болмаса үйінің ішінен жасаған ұрлықты қоспағанда, жеке тұлғаның базалық мөлшердің екі еселік мөлшерінен