Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Гүлзағира Атаханова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1735-9
Скачать книгу
қылмыстың нәтижесіне де қолданылуы мүмкін. Егер бірыңғай қасақаналық болмаса, бірнеше рет жасалған қылмыстан келген зиянның басын қосуға болмайды. Мұндай жағдайда бірнеше рет жасалғандық бағалау белгісі қолданылуы қажет. Егер қылмыскердің ниеті ірі мөлшерде ұрлық жасауға бағытталған болса, бірақ оның еркінен тыс жағдайларға байланысты ұрланған мүліктің құны ірі мөлшерге жетпесе де, ірі мөлшерде қылмыс жасауға ұмтылғандық деп бағалау қажет.

      Қорытындылай келгенде, ұрланған мүліктің мөлшері қылмыстың коғамға қауіптілігін көрсететін бағасы болып табылады.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 21.03.1995 ж. баяндамасында қылмыстылықпен аяусыз күрес жүргізу қажеттігін көрсете келіп, былай деген болатын: “Нарықтық қатынастардың дамуы жаңа қылмыстық жағдайды және шаруашылық саласында жаңа қылмыс түрлерін туғызды. Бұл күнде біздің экономикамызда мынадай жағдайлар қалыптасты:

      – астық, мұнай, металдар, мал шаруашылығы өнімдері, алтын-валюта қорлары ұрлануда. Іс жүзінде Еліміздің ұлттық байлығы ұрлауға салынуда. Тек қана ірі мөлшердегі ұрлықтың саны 1700-ден асып кетті”. Президентіміздің бұл айтқанынан шығатын қорытынды, қандай мөлшерде ұлттық байлық ұрлауға салынғанына қарамастан, ұрлық мемлекетіміздің экономикасына аса зор зиян келтіріп отыр.

      Пайдакүнемдікпен жасалған әрбір қылмыс ұрланған мүліктің белгілі бір бағасына және мөлшеріне байланысты. Сондықтан, құқық бұзушылықтың белгілі бір мазмұны белгілі бір қылмысты бағалауға негіз болады. Яғни, ұрланған заттың мөлшері қылмыстың өлшемі болып табылады. Мұндай мөлшер әлбетте, мүліктердің құны. Демек, қылмыстың қоғамға қауіптілігін анықтау үшін және оны дұрыс саралау үшін ұрланған заттың мөлшері және құны аса маңызды болып табылады.

      Бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау аса қауіпті және оның нәтижесінде мүлік иесіне үлкен зиян келеді.

      Егер бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау тікелей ұрлық түрінде болса, қылмыс әрекетіне сай бағалану қажет, ал, басқа түрде болса, қылмыстың амал-әрекетіне қарай бағаланады.

      Бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау алаяқтық жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін. Өйткені, алаяқтық пайдақорлық тұрғыда жасалынған қылмыстардың ішінде жиі кездеседі.

      Қоғамға қауіптілігі жағынан ауыр жауапкершілік белгіленетін ірі мөлшердегі ұрлық белгісі біздің заңдарымызда әрқашан көрсетіліп келеді. Республика деңгейінде қандай екендігіне қарамастан, ұрланған мүліктің мөлшері жаза тағайындауға ең басты шарт болып есептеледі.

      Ірі мөлшерде жасалған ұрлыққа анықтама бергенде теория және практика жүзінде “ірі залал” және “ірі мөлшерде” деген түсініктер кездесіп отырады. “Ірі мөлшер” және “ірі залал” деген мәселелер қылмыс тұрғысына келгенде заңгерлер арасында түрлі дау туғызып жүр.

      Көбінесе ұрлықтың мөлшерін анықтағанда келген тікелей зиянның шамасын және айыпкерлердің қандай мөлшерде байығанын көрсету жеткілікті