Меншікке қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық. Гүлзағира Атаханова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Гүлзағира Атаханова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Зарубежная образовательная литература
Год издания: 2016
isbn: 978-601-04-1735-9
Скачать книгу
объектісі ретінде санамайтындар да бар. Әрбір автор өз позицияларын ұстанады. Біздің ойымызша меншікке қарсы қылмыстардың объектісі ретінде меншік экономикалық категория және құқықтық категорияны ұстанғандардың позициясы орынды деп есептейміз.

      Меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстың заты болып жылжымалы мүлік танылады. Бірақ қылмыстық заңда алаяқтықта немесе қорқытып алушылықта жылжымайтын мүліктерді де жатқызады.

      Жекелеген пайдакүнемдік меншікке қарсы қылмыстардың құрамында міндетті белгісі ретінде әрекет (мысалы, қарақшылықта–күш көрсету, ал қорқытып алушылықта-бөтеннің мүлкін беруді талап етеді) болып саналады. Басқалары үшін, зардап және себепті байланыстың (мысалы, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруде) болуы да қажет. Аталған екі жағдай заңда қоғамға қауіпті зардап ауырлататын жағдай ретінде роль атқарады. Қазақстан Республикасының ҚК-нің алтыншы тарауы пайдакүнемдік қылмыстардың құрамы көбінесе материалдық, ал қарақшылық пен қорқытып алушылық формальды құрам болып келеді. Меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстың субъективтік жағы кінәнің тікелей нысанымен сипатталады. Міндетті субъективтік белгілер ретінде пайдакүнемдік мақсат және пайдакүнемдік ниет болуы тиіс және қарақшылықтың негізгі мақсаты талан-тараж болуы да назар аудартпай қоймайды. Біздің ойымызша, мүмкін «талан-тараж» ұғымын қылмыстық заңда бірнеше мағынада қолданған болар.

      Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстардың бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсумен ұқсастықтары көп. Олар да меншікке қастандық жасайды, қылмыстық қастандықтың заты бөтен мүлік болып табылады. Бұл қылмыстар бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу сияқты тікелей ниетпен және пайдакүнемдік мақсатпен жасалады. Бұлардың объективті жақтарының да ұқсастықтары көп, атап айтқанда екі жағдайда да бөтен мүлік өз пайдасына заңсыз айналдырылады.

      Сонымен қатар, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу мен басқа да пайдакүнемдік қылмыстардың арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Оларға, ең алдымен, қылмыстық қастандық заты жатады. Егер бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу заты иеленушінің немесе заңды иеленушінің қолма-қол қорларындағы мүлік болса, біз қарастырып отырған қылмыстардың заты иеленушінің иелігінен шығып кеткен мүлік немесе оған келіп түсуі тиіс мүлік болып табылады. Сәйкесінше, объективті жағында да кейбір айырмашылықтар бар. Меншікке қарсы басқа пайдакүнемдік қылмыстар иеленушінің немесе иеленушінің қолма-қол қорларынан мүлік алумен байланысты емес. Айыпты иеленушінің иелігінен шығып кеткен материалдық құндылықтарды құқыққа қайшы иеленудің немесе заңды иесіне келіп түсуі тиіс болған, бірақ айыпты өз пайдасына заңсыз айналдырып алған мүлікті өз пайдасына айналдырудың арқасында заңсыз ауқаттанады.

      Қарастырылып жатқан қылмыстардың бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуден кейбір айырмашылықтары субъективті жағында да, атап айтқанда ниеттің мазмұнында да бар. Айыпты иеленушінің