Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы. Әсемгүл Бекмухаметова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Әсемгүл Бекмухаметова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Экономика
Год издания: 2016
isbn: 978-601-239-159-6
Скачать книгу
белсенділіктің төмендеуіне, жиынтық сұраныстың қысқаруына, өндіру деңгейінің түсуіне алып келуі мүмкін.

      Алайда мұндай ДБ-ның автоматты азаюының алдын алуға болатын тәсіл бар. ОБ сыртқы есептердің бейтеңгерімдігін ол ақша ұсынысына әсер ете алмайтындай етіп жоя алады немесе «стерильдей» алады. Стерильдеу барысында ОБ DC-те сәйкес өзгерістер жүргізу арқылы ресми валюталық өзгерістерді бейтараптандырады да, ресми валюталық резервтердегі өзгерістерге қарамастан ДБ өзгеріссіз қалады.

      Бұл төлем теңгерімі жетімсіздігі бар елде ОБ ресми валюталық резервтерді жұмсайды дегенді білдіреді, бұл ДБ азаюына алып келеді, бірақ та бір мезгілде ақша массасы бастапқы деңгейде қалуы үшін немесе жоспарланған көлемге азаюы үшін ашық рыноктағы дисконт ставкасының төмендеуі немесе резервтік жабу нормаларын төмендету операцияларын жүргізу арқылы кеңейтуші ақша саясатын жүргізе отыра DC-ті көбейтеді. Стерильдеу саясаты өзгеріссіз пайыз ставкасын немесе өзгеріссіз ақша массасының көлемін демеуге бағытталған кредиттік-ақшалық саясатты жүзеге асырушы елдерде басым болып келеді.

      Алайда стерильдеудің мүмкіншіліктері шектеулі болады. Төлем теңгерімінің ұзақ жетімсіздігі ОБ-нің ресми валюталық резервінің азаюына әкеліп қана қоймай, сонымен бірге ішкі кредиттің әрі қарайғы кеңеюіне жол бермейді. Бекітілген валюталық курс жағдайында ішкі кредиттің ұдайы кеңеюі валютаға деген сенімді жоғалтуға алып келеді де, салдары – сол валютадан қашу және оған деген спекулятивтік қысым жасау түрінде көрініс береді. Қалыптасқан жағдайда ОБ не валютаны девальвациялауға немесе иілімді валюталық курс режимін жүргізуге мәжбүр болады.

      Егер де ОБ мақсаты валюталық курстың бекітілген деңгейін демеп тұру үшін сыртқы тепе-теңдікті тез қалпына келтіру болып табылатын болса, онда ол стерильдеуге қарама-қарсы әрекеттер жасай алады. Бұл жағдайда төлем теңгерімінің жетсіміздігі ақша ұсынысын азайту есебінен қысқартылуы мүмкін, бұл экономикадағы ішкі шығындардың, соның ішінде импортқа деген шығындардың азаюына алып келеді. Төлем теңгерімінің оң сальдосы, керісінше ОБ-тан ішкі шығындар мен импортты ынталандыратын ақша массасының көбейтуін таладі етеді.

      Төлем теңгерімі (платежный баланс) аталмыш елдің басқа елдермен халықаралық экономикалық қатынастарының жайын көрсете отыра, бюджеттік-салықтық, ақша-сыртқы сауда, валюталық және т.б. негізді макроэкономикалық саясаттарды дайындау кезінде өте маңызды бағдар болып қызмет етеді.

      Төлем теңгерімі белгілі бір кезең аралығында (әдетте бір жыл ішіндегі) елдің экономикалық субъектілерінің басқа әлеммен сауда және қаржы мәмілелері жөнінде бухгалтерлік есепшоттар формасындағы статистикалық есеп беру түрінде көрінеді. Сондықтан да бұл құжатқа бекіген атау оның шын болмысына сәйкес келмейді, себебі теңгерімде белгілі бір датадағы қордың (запастардың) көрінісі беріледі, ал төлем теңгерімінде қарастырылатын кезең ішінде елдер арасындағы игіліктер мен капитал (мүлік) ағындары көрсетіледі. Төлем теңгеріміндегі көрсеткіштер әдетте бірыңғай әлемдік