Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы. Әсемгүл Бекмухаметова. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Әсемгүл Бекмухаметова
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Экономика
Год издания: 2016
isbn: 978-601-239-159-6
Скачать книгу
(сол елде тіркелген), және де шетел мемлекеттерінің жеке және заңды тұлғаларының сыртқы экономикалық қызметін бақылап отырады.

      Сыртқы сауда байланысы – аталмыш елде өндірілген өнімнің бір бөлігі шетелге экспортталады, ал шетелде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бір бөлігі аталмыш елге импортталып, тұтынылады немесе сол елде инвестицияланады деп болжанады.

      Қаржы саласында ұлттық экономикалардың өзара байланысы бойынша белгілі бір елдің азаматтары ұлттық активтермен бірге шетелдік активтерге де ие бола алады, соның ішінде ақша салымдарын шетелдік банкілерде ұстай алады, шетел компанияларын немесе үкіметтері шығарған құнды қағаздарды сатып ала алады, өз елінен тысқары аймақтардан қозғалмайтын мүлік сатып ала алады.

      Мұның нәтижесінде халықаралық тауарлар мен қызметтер рыногы, сонымен қатар қаржы рыноктары тығыз өріле отыра аталмыш елдің жалпы ішкі өнімінің көлеміне, инфляция деңгейіне және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерге әсер етеді.

      Қазақстанның экономикалық жағдайы Ресейдің экономикасы қандай кезеңде тұрғандығына тәуелді, және де сол елге қазақстандық экспорттаудың көлеміне тікелей байланысты болады. Егер де Ресейде экономикалық өсу байқалатын болса, Ресейге экспорттауды өсіруі есебінен Қазақстандағы іскерлік белсенділіктің артуы бойынша, бір мемлекеттің экономикасының өсуі басқа елдің экономикасының өсуіне септеседі.

      Капиталдың халықаралық ағымдарының сипаттамасы мен бағыты, өз кезегінде белгілі бір елдің Орталық банкінің қандай кредиттік-ақшалық саясатты ұстанып отырғанына тәуелді болады. Сонымен, егер де РФ Орталық банкісі қатаң кредиттік-ақшалық саясатты жүзеге асырып отырса, оның салдары пайыздық ставканың көтерілуіне алып келеді, бұл жағдайда, егер де Ресейге капитал салу тиімді болатын болса, Қазақстаннан капиталдың кері ағынын күтуге болады.

      Жоғарыда айтылғандардың бәрі де әрбір елдің үкіметі экономикалық саясатын дайындаған кезде ашық экономикадағы макроэкономикалық көрсеткіштердің өзара байланысының механизмін есепке алмай қоймайтыны көрсетеді. Бұл жағдайда елдің халықаралық тауар, қызмет және капитал айырбасына қатысуын сипаттайтын негізгі макроэкономикалық өзгергіштер анықталуы және өлшенуі міндетті.

      Аталмыш ел мен басқа елдің арасындағы барлық мәмілелерге ағымдағы операциялар мен капиталмен жасалатын операциялар енеді. Бұған сәйкес төлем теңгеріміне үш құрамдас әлементтер енеді, бұлар: ағымдағы операциялар шоты; капитал қозғалысы шоты; ресми резервтердің өзгеруі.

      Ағымдағы операциялар шотына тауарлар мен қызметтер экспорты, импорт, инвестициялаудан түсетін таза кіріс және таза трансферттер жатады. Тауарлық белгі мен тауарлық импорттың арасындағы айырма сауда теңгерімін құрайды. Жалпы алғанда ағымдағы операциялар шоты кеңейтілген сауда теңгерімі ретінде жұмыс істейді.

      Капитал қозғалысы шотында активтермен атқарылатын барлық халықаралық мәмілелердің