Ал енді ой жүгіртейік, расында да ол ажырасудан келген азаптың арқасында өзін-өзі дамытумен айналыса бастады ма? Шындығында олай емес! Мұнда оны талпындырған күш – азапқа төзгісі келмегені, осы қалауы! Бар болғаны осы! Оны азап шекпей, жақсы өмір сүруге деген ұмтылысы құтқарды! Ол қиналып, азапталуды тоқтатуға шешім қабылдаған кезде өзі жасаған болашақтың бейнелері оны құтқарды. Демек бұған азаптың ешқандай қатысы жоқ! Егер азап шегу адамдарды прогреске жетелесе, ажырасқан әрбір еркек, ажырасудан кейін алға басып дами бастауы керек қой. Ажырасулар мен айырылысулардың шамамен 80% -ы адамдарға кері әсерін тигізеді, бұл оларды депрессияға, бақытсыздыққа ұшыратады, болашақ қарым-қатынастарға сенімсіз етеді. Тек 20% жағдайда ғана ажырасу алға басуға қозғау салуы мүмкін. Бұл жерде адамға азап шеккені емес, оның өмірлік күш-қуаты, рухы, өмір сүруге деген құштарлығы, бір сөзбен айтқанда, оны белеске шығарып отырған санасындағы жарқын бейнелері!
Тағы бір мысал келтірейік. Кәсіпкер қаржыны қалай басқаруды білмейді, сондықтан компаниясының айналымы үш есе ұлғайған кезде, бірнеше айдан кейін ол бизнесті өз бақылауына ала алмай, банкротқа ұшырайды! Ол өзінің барлық дүние-мүлкінен айырылып, қатты азап шегеді де, бір күні білім алуға, өз-өзін жетілдіруге шешім қабылдайды. Ол бизнесті басқару курстарына барады, қаржыландыру негіздерін үйренеді. Сөйтіп алдына жаңа мақсат қояды – тұрақты жүйесі бар компания құру және табысқа жету! Екі-үш жыл өте ұйқысы тынышталған, істі өз бақылауына алған ол, енді досына: «Егер мен сол кезде банкротқа ұшырамағанымда, білім алып, өз-өзімді жетілдірмей, сауатсыз болар едім», – дейді.
Ал енді нақтылайық, оның табысқа жету себебі компаниясының банкротқа ұшырағанында ма? Жоқ! Бұл жағдайда табысқа жетуінің себептері – алған білімі мен дамуға деген ұмтылысы. Ал бизнесінен айырылған басқа бір кәсіпкер, жеке кәсібі болуын армандауды қойып, жалдамалы жұмысқа орналасады. Демек бұл кәсіпкерге жағдайды өзгертуге деген ынтасы көмек болады. Сонда тағы да, азап шегудің жағдайға еш қатысы жоқ екенін көреміз.
Бұл екі мысалда да адамдардың сәтсіздікке ұшырауының себептері – олардың білімсіздігі, өз-өзін дамытуға деген ықыластың болмауы және қиындық болмай тұрып қиялмен өмір сүргендері. Яғни, егер бірінші ер адам мейірімді, байқампаз және жігерлі болғанда, ол әйелінен айырылмас еді және қазіргі күйінен әлдеқайда бақытты өмір сүрер еді. Екінші жағдайда, егер кәсіпкер бастапқыда дұрыс