Бақыт жолы. Олжас Сеитов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Олжас Сеитов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Общая психология
Год издания: 0
isbn: 9785005686718
Скачать книгу
арылту шешу үшін пейнхантингті қолдануды шештім. Және бұл мәселелерді қысқа мерзімде шешуге болатынына және олардың ресми психология сипаттайтындай соншалықты күрделі емес екеніне таң қалдым. Нәтижелі сеанстардан кейін мыңдаған клиенттер де осындай ойға келді. Бұл әдістеменің тиімділігін тексеру үшін маған келген жүздеген психологтар, үйретушілер, коучтар және тағы осындай психика әрі түпсанамен жұмыс жасайтын басқа мамандар да пейнхантингтің қарапайымдылығы мен тиімділігіне таң қалды.

      Осы кітапты оқығаннан кейін, анализ жасау үшін ақыл-сананы іске қосумен, адамды тыңдай білумен және оған көмектесуге деген шын ықыласпен күрделі психологиялық мәселелерді шешудің қаншалықты оңай екендігін білгеніңіз сізді де таң қалдырары анық. Бұл, әрине, қисынсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ біздің тәжірибемізде әсіресе психологиялық білімі жоқ адамдардың пейнхантинг әдісімен жұмыс жасағандары көбірек оң нәтиже әкелген, себебі мұндай кісілердің адамның ішкі болмысы жайлы түсініктері, психолог мамандардыкіндей күрделеніп кетпеген.

      Сондықтан да бұл кітапта сипатталған әдістемені өз санасы мен жан-дүниесін түсініп ретке келтіргісі келетін және басқа адамдарға көмектескісі келетін кез келген адам қолдана алады. Мейірімділік, табандылық, естілік пен мұқияттылық танытқаныңыз және әрине, осы кітапты мұқият зерттегеніңіз, сізді қоғам үшін өте пайдалы әрі бағалы адам етпек. Сіз болмысыңызды, өміріңізді, отбасыңызды жақсы жаққа өзгерте бастайсыз, ал осы мәселелермен нәтижелі жұмыс жасасаңыз, сізде сізді қоршаған айналаны өзгертуге, істеріңізді ақылмен жүргізуге, балаларға түсінікпен қарай отыра көңіл бөлуге және өміріңізді өз бақылауыңызға алуға деген ықылас ояна бастауы мүмкін. Сонда осы «өзгергіш дүниенің» ырқына көніп иіле бермейтін боласыз.

      Пейнхантингпен адам өзін бір сиқыршыдай сезінеді. Жағдай шиеленісіп, өмірдегі проблемалардың шешімі жоқтай болып көрінгенде пейнхантингтің бірнеше сеансы өміріңізді өзгерткені сонша, оны өзіңіз ретке келтіріп, өз бақылауыңызға ала аласыз. Ал егер сіз діндар болсаңыз, пейнхантинг мен үшін емес деп ойламаңыз. Өйткені пейнхантинг дінге қарсы ілім емес. Қайта керісінше, пейнхантинг сізге Құдайға жақындауға және қасиетті кітаптардың мағынасын тереңірек түсінуге көмектеседі, себебі ол сізді бастапқы таза рухани болмыстан алшақтатқан барлық теріс көзқарастардан арылтады.

      Пейнхантинг өте маңызды ғылым болғанымен, кітапты құрғақ ғылыми тілде жазуды жөн көрмедім. Мен оқырмандарға түрлі дәлелдермен, басқа мәлімет көздеріне сілтемелермен ауыртпалық та салмаймын. Кітаптағы көптеген сөз тіркестері қарапайым шындық болып табылады, сондықтан да аспанның көгілдір, ал жердің шар тәріздес екенін айтып дәлелдемеймін. Менің басты мақсатым – мейлінше көп адамның осы кітапты оқып шынайы бақыт сезіміне қол жеткізуін қамтамасыз ету. Сондықтан, егер әр сөзді талқылауға және әр сөйлемге сын айтуға әуес болсаңыз, өз тұжырымдарымның негізі мен ғылыми дәлелдері