Бақыт жолы. Олжас Сеитов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Олжас Сеитов
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Общая психология
Год издания: 0
isbn: 9785005686718
Скачать книгу
ауыстыру керек, солай ғой? Иә, дәл солай. Пейнхантингтің бар мәні осыда. Пейнхантинг ешкімді де ой-сананы тыныштандырып, сол тыныштық арқылы бақытқа қол жеткізу үшін Тибетте ондаған жылдар бойы медитация жасауға шақырмайды. Өйткені бұлай ету, яғни санада тұрған қараңғы бейнелерден құтылу үшін өмірдің шындығынан қашу, ақымақтық болып табылады. Пейнхантинг сізді көптеген мотивациялық жаттықтырушылар үйрететіндей, жағымсыз бейнелерге мән бермей, еш нәрсе болмағандай алға баса беруге шақырмайды. Пейнхантинг Африкада аштық көріп жатқандарға қарағанда «қарныңыз тоқ, көйлегіңіз көк» екенін айтып жұбатпайды және санаңыздағы жағымсыз бейнелерді қабылдауға, соларға көнуге мәжбүрлемейді. Пейнхантинг сізді жүріс-тұрысыңыз жақсы болуы керек деп үйретпейді, себебі жан жарасы емделмеген бақытсыз адам өздігінен жақсы мінез-құлық таныта алмайды.

      Пейнхантинг бейнелерді бір-біртіндеп өзгерту арқылы жан-дүниеңізді өзгертеді. Ал қараңғы бейнелер жарқын бейнелермен алмастырылғанда, сіз өзіңіз-ақ бақытты, мейірімді, дана, жайдарлы, жауапты да ынталы адам бола түсесіз. Тек жарқын бейнелер ғана сізге күш-қайрат, мотивация, ынта-жігер мен табандылық береді. Осы жарқын бейнелер ғана сізге анағұрлым белсенді болуға, жасампаз болуға, бірнәрсені ойлап-табуға, батыл түрде алға басуға көмектеседі. Тіпті құлдырап жатқан қоғамда өмір сүріп жатсаңыз да, тек жарқын бейнелер ғана сізге керемет болашақты көруге, өзгелерге көмектесуге, олардың қажеттіліктерін түсінуге, сәйкесінше табысты әрі өз ортаңыздың көшбасшысы болуға мүмкіндік береді.

      Қараңғы бейнелерді алып тастап, жарқын бейнелерді қалпына келтіру. Неткен қарапайым да жеңіл түсінік! Бірақ неге адамзат ғасырлар бойы осы шындықты түсіне алмаған?! Ал егер түсінген болса, бәлкім, бұл жағымсыз бейнелерден арылудың жолын білмеген болар?!

      Иә, шындығында бұл бейнелерді алып тастау – оңай шаруа емес. Ол үшін бұл бейнелердің неліктен бізге мықтап жабысып, оңайлықпен кете қоймайтынын түсіну керек. Дәл осы мәселеде мыңдаған психологтар бастарын қатырып, осы бейнелердің құлдырататын күшін азайту мақсатымен көптеген айла-амалдар ойлап тапқан. Осыған қатысты, өкінішке қарай, күтпеген бір жайт анықталды. Көп адам жан жараларынан айырылғысы келмейтін боп шықты. Өйткені ешкім де жан жарасынан толықтай арылта алмағандықтан, қоғам жан жарасынан зардап шегу пайдалы деген жалған сенім ойлап тапты!

      Сондықтан санамыздан жағымсыз бейнелерді алып тастамас бұрын, біз мына жайттарды түсінуіміз керек: бұл қараңғы бейнелер мен жан азабы шындығында керек пе өзі? Олардан арылған дұрыс па? Өте көп адамға жағымсыз ойлардан арылуды ұсынғанда, олар бұл жағымсыз бейнелердің оларға өмірге қажетті ішкі күш беріп, төзуге көмектеседі деген қисынсыз ойларды айта бастайды. Не деген ақылға қонымсыз тұжырым?!

      Қазір осы мәселені толығырақ қарастырайық.

      1.2 Тарау. Қайғы мен қасіреттің пайдасы

      Әрине, бұл ақылға қонымсыз жайт, бірақ қайғы-қасіреттің адамға пайдалы екеніне сенімді