Ел Шоңы. Бесінді. III кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549495
Скачать книгу
да, ал сіздер биліктен кетесіздер.

      Мына сөздің әсері күшті болды да, билер қозғалақтап, орындарына отыра алмай кетті. Шоң олардың бұл күйін түсіне қалды да айтарын терендете, болысқа күш бергендей етіп айтқан:

      – Әуеліде Қалмағанбетті өздерің сайладыңдар, енді оны неге қолдамайсыңдар. Билер қолдамаса, болыста қандай билік болады? Сен, Қалмағанбет, ұялма, бұдан былай қай би тілді алмайды маған келіп айт. Баяғы қазақ заманы емес, оязға айтамыз да, биліктен шығарып жібереміз.

      Бір би отырып:

      – Шоңке болыстың жұмысына араласпайық деп біз қойған едік…

      Бұл сөзді қулықпен айтып отырғанын Шоң біле қалды да:

      – Олай болмайды, мына жұмыс бидікі, анау болыстікі деп бөлуге болмайды. Бәріне де ортақ шаруа. Мен сіздерге өткен жолы да айтқанмын, бұл шаруаны тапсырып отырған анау губернатор екенін ескерткенмін. Қазір де айтып отырмын. Қалай сөзге түсінбейтін адамсыздар. Онда қандай күш бар екенін білесіңдер. Ерегіссе жүйріктерді ғана емес, өздерінді де айдап әкетеді. Анау надан туыстарыңызға дұрыстап айтасыздар ма? Кенесарыға көмектескендерге не жасағанын білдіңдер ғой. Одан зорғысын жасайды.

      Отырған билер Кенесарыға көмектескен адамдарға не жасағанын жақсы білетін. Бұлардын арасында сонау Кенесары заманындағы жағдайды жақсы білетін билер де бар еді. Кәрі адамдар керемет, қорқақ болады екен. Олардың тіптен қорқып кеткенін Шоң да байқап отырған.

      – Олай болса осыдан барысымен байлардың бәрін сен, Қалмағанбет, шақырып ал. Оның ішінде мына билер де болсын. Көп болып қолға алыңдар.

      Осы арада болыста бір жігер пайда болып кеткен еді.

      – Шоңкеңнің сөзін естіп отырсыздар ма? Егер өткен жолғыдай болса ана туыстарыңмен бірге ояз алдына өздеріңіз барасызар.

      – Қалмағанбет, сенің айтып отырғаның не? Анықтап айтсайшы.

      Содан кейін Қалмағанбет өткен жолы байларды үйіне шақырып алып айтқанда осы отырған билердің кейбіреулерінің келмей қалғанын, ал келгендері үндемей кеткенін ашық жайып салды. Бұл арада Калмағанбеттің салмақты билерге салып отырғанын білді Шоң. Содан кейін ол:

      – Олай болса сол билердің атын аташы, – деді.

      Қазір Калмағанбет өзінің де атын атап қояды деп қорқып кетті де, бір би орнынан тұрып айтқан:

      – Шоңке, үй ішіндегі әңгімені қайтесіз. Оны естімей-ақ қойыңыз!

      – Мен оны естігім келіп отырған жоқ. Ешкім де сіздерге кезінде Қалмағанбетті сайландар деп айтқан жоқ. Өздерің сайладыңдар. Енді келіп мына жасап отырғандарың не? – Шоң отырып тағы да айтқан, – Қалмағанбет, турасын айтшы. Келмей қалған кімдер?

      Енді алғашқыдай емес, Қалмағанбет де, қысылып, қымтырылған жоқ. Шоң айт деп талап етіп отыр, бұл арада жасырудың жөні жоқ екенін білді де, сол арада бірнеше билердің атып атап шыққан.

      Шоң отырып сол билердің біреуінен сұрады:

      – Бәленше, сіз неге келмедіңіз?

      – Бұл өтірік айтып отыр. Маған ешқандай хабар берген жоқ.

      – Мен, міне, Шоңкеннің алдында айтып отырмын.