Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549501
Скачать книгу
айтқызып отыр деп ойлады. Осыдан кейін ел көп отырмады, орындарынан тұра бастады. Сайлауда Шоңға көңілдес болып дауыс бергендердің өзі Шоңның мына сөзінен кейін бір пәленің бетін көргендей болды. Шоңның соңғы сөзіне ешқандай жауап бермей жиналғандар ауыл-ауылдарына тарап кеткен. Баласының мына сөзі Телқозыға да ұнамады. Ел түгел тарап, онаша қалған соң ол сөз бастаған болатын:

      – Сенің елге әлгі айтып отырғаның не? Орыстар солай деп отыр ма?

      – Ешкім маған ештеңе айтқан жоқ. Бұл менің өз ойым. Тоқалар Нұра бойында бірнеше үлкен ауыл болып отыруы керек. Орыстар екі-үш үйден отырған үйлерді ауыл демейді. Ертеңгі күні қастарына келіп он үйден, жиырма үйден қоныстанып алады да, сол жерден қуып шығады. Көптің аты көп. Үлкен ауыл болып отырсаңдар, ештеңе айта алмайды. Орыс келіп қасыңа қоныстанса тілден, салттан айрыласыңдар. Одан айрылсаңдар, елдіктен айрыласыңдар. Бәріміз орыс болып кетеміз. Малға да, тұрмысқа да жайлы Жанкелді тұқымдарынан бастап Нұра бойына көшіп барыңдар, – деді Шоң.

      Мына сөзді естігенде Телқозы шошып кеткендей болған. Аузына сөз түспегендей отырып қалды да, біраздан кейін айтқан:

      – Мен ата қонысымнан ешқайда кетпеймін…

      – Заман соны талап етіп отыр. Көрдіңіз ғой, мына Жабағылар қасына орыстар көшіп келді. Ертеңгі күні олар үлкен ауыл болып отыру үшін ана ояз тағы әкеледі. Анау Ақмолаға да жақын, Нұра жағасына да орыстар қоныстанып жатыр. Бұл жаққа, Қараағашқа да келуі мүмкін. Мен айтқанды жасамасаңдар ертең елдіктен айрыласыңдар, соны айтып отырмын ғой, сізге. Немерелерің орыстан әйел алып, тіліңді, дініңді жоғалтып, орыс болып кетесіңдер. Сондықтан мен айтқан, қырық-елу үйден аз болмай отырыңдар. Сонда ғана елдіктеріңді сақтап қаласындар. Ру-руға бөлініп отырудың қажеті жоқ. Бүкіл Сатыбалдыға қарайтындарың бір жерге отырыңдар.

      Шоңның мына сөзі Телқозының көңілінен шықпады. Анау Ақмолада отырған бастығының айтқанын жасағысы келіп отырғанын болжаған ол:

      – Сен болыс болып осыны айту үшін келдің бе? Бүкіл елді үркітіп жібердің. Ертең болыс болып қалай істейсің? Бір адам сенің тіліңді алмайтын болады. Мына сөзіңмен билерді өзіңе қарсы коясың. – Ашулы Телқозы орнынан тұрып кетті. – Барсаң, сол Нұра бойына жалғыз өзің бар. Жанкелді ұрпақтары осы жерде отырады. – Ол болмастан әкесін қайта отырғызды.

      – Мен айтып отырмын ғой, ең суы мол Нұра бойы. Сусыз жерде тіршілік жақсы болмайды.

      – Жайылымды қайтесің?

      – Орыс сусыз сенің жайылымыңа келіп таласпайды. Оларға алдымен су керек. Шаруашылығының бәрін соған реттеп жүргізеді. Бұл қасиет олардың қанында бар. Тоқалар жаппай сиғанша Нұра бойына қоныстану керек. Олай жасамасаңдар енді бір елу жылда Нұра бойында Тоқаларға жер қалмайды. Бәріне орыстар қоныстанып алады. Амалсыздан қазіргі отырған ана Құлымбет, Тілендердің өзі қырға шығып кетеді. Олар келмей тұрғанда менің айтқанымды жасаңдар!

      – Сонда малды қайтеміз? – Алдында қойған сұрағын тағы қойды.

      – Малды осы жерде қалдырыңдар. Бұл ара малға кең жайлау болып қалады, бұрынғыша. Ауыл