Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549501
Скачать книгу
қойсаңыз, Семен Иванович, одан біз ұтпаймыз, қайта ұтыламыз, ертеңгі күні бізге билік жүргізгісі келіп біздің күйеу бала әдейі қосып алды дейді. Мен ондай сөз естуге барғым келмей отыр.

      Карбышев қазақтар жоқтан барды жасап отыратынын білетін еді. Шоңның мына айтқанына келіскен. Ағайынды үш руды өз алдына бір болыс жасауға ұйғарған еді. Оларға кім лайықты дейсіз деп сұраған.

      – Қазір байлық кімде болса, сол билік құрып отыр ғой. Үш рудың арасында байлар көп. Қайсысын айтарымды білмеймін. Ол жағын өзіңіз шешіңіз, – деп, Шоң болыс болуға лайықтысын атап айтпаған еді. Карбышевті өз шешімінде қалдырғысы келген. Ертеңгі күні бұл айтқан адам көңілінен шықпаса өзіне сөз келетінін білген еді Шоң. Содан кейін ештеңе демеген.

      Осы әңгімеден кейін Герасимов екеуі жол жүруге дайындалды. Шоң жүрер алдында Карбышевтен сұраған еді:

      – Семен Иванович, мен мұндағы шаруамды кімге өткіземін?

      Кейбір жұмыстарына көңілі толмай жүрсе де, Карбышев жер мәселесіне байланысты шаруамен Шоңның жүргенін қалайтын. Көңілінен шықпағаны – Темештерге байланысты, тағы бірді-екілі тапсырмасын өз ойлағандай орындамаған еді. Бұл кезде Темештер Қорғалжын көліне жақын жерге үлкен ауыл болып отыра бастаған. Олардың мұнысы ояздың көңілінен шықпай жүрген еді. Мұны Шоңның ақылымен жасап отырғанын сезген. Шоңды жер мәселесіне байланысты шаруадан болыстыққа ауыстырудың бір сыры да осында жатыр еді. Дегенмен, Шоңның атқарған көп істері көңілінен шығып жүретін. Сонысы үшін болыс етіп жіберуді дұрыс деп тапқан.

      – Жер мәселеніне байланысты шаруаны жүргізетін басқа адамды табамын. Қажет болса, өзіңді де шақырып тұрамыз.

      Қазақтар арасындағы кейбір орыстар шеше алмайтын, қазақшылығы көп дауды Шоңға қалдыруды ойлаған. Содан кейін мына сөзді айтып отыр еді. Бұл Карбышевтың көп қулықтарының бір екенін түсінген Шоң да. Осы арада Шоңның басына бір ой түсе кетті. Егер жер мәселесіне байланысты шақырып тұратын болса, онда Ақмолаға жиі келіп тұратынын білді. Өйткені, қалада тұрғанды Әйімкүл де ұнатып жүргенін сезетін. Содан кейін Шоң айтқан:

      – Семен Иванович, олай болса мен осы қалада тұрып болыстықты басқара берейін…

      – Шон Телкозинович, ол болмайтын шаруа. Онда басқа болыстар да қалада тұрып, сен айтқандай жасағысы келеді.

      Карбышевтың мына сөзінде шындық жатқанын білді. Осы маңайдағы болыстардың бәрі де қалада отыруға құмар еді. Содан кейін қарсы сөз айтқан жоқ. Тексұрағаны:

      – Сонда менің мекен жайым қай жер болады?

      – Анау Қабай отырған Көбетей ауылына барып отырсайшы. Сол ара қалаға да жақын.

      Ертеңгі күні мына ояз айтқан ауылға барып отырса әкесі де, басқа туысқандары да өздерінің қазақшылығына салып ренжитінін білді. Сонан кейін Шоң:

      – Онда мен туған жерім Қараағашта барып отырайын.

      Бұған қарсы ояз ештеңе айтқан жоқ. Бұл келісімнің белгісі еді. Кешкісін үйге келген соң барлық жаңалықты Әйімкүлге айтқан:

      – Ертең елге жүреміз?

      – Неменеге, бастығың айтты ма?

      – Бастық та солай