Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549501
Скачать книгу
келіп тұрасыз ғой. Бір келгенде алып келерсіз.

      Телқозы оның бұл сөзді әлгі Шоңға ренішіне байланысты айтып тұрғанын түсінді. Ол оның бұл айтқанына келіскен еді.

      Болыс сайлауын ойлағандай өткізіп Герасимов кеткен. Ол кеткен соң Шоң әкесіне айтқан:

      – Әлгінде оған күміс ертоқымды атты неге ұсындың. Олай жасап орыстарды жаман үйретесің ғой…

      – Бір жылқыда тұрған не бар. Береген қол алаған болады, – деді.

      Шоң әкесінің сөзінде қандай мән жатқанын түсінді. «Ертең сен де аласыңды» айтып тұрғанын ұқты.

      – Мен елден бір үзік жіп алмаймын.

      – Оны жасамасаң болыс болып ұзақ істей алмайсың.

      – Неге олай дейсіз?

      – Алмасаң сенің дұшандарың көбейеді. Сенің алмағаныңды басқаша ойлайды…

      Шоң әкесінің мына айтқанында қандай мағына жатқанын түсінді. Көп тұра алмайсың деген мән жатыр еді. Шоң «алмаймынмен» бір сөзбен ғана жауап берді. Шоң жүріп кетті. Орнынан тұрып, Телқозы дауыстады:

      – Қайда бара жатырсың?

      – Үлкен әкемнің басына барып құран оқып қайтамын.

      – Мен де сенімен бірге барып оқиын.

      – Қажеті жоқ, – деді Шоң.

      Телқозы баласының әлгі ояз өкіліне ат мінгізбегеніне өкініп тұрып қалды. Бұл алғашқыда ғой, кейін үйренеді деген корытындыға келген.

      Екі күн өткен соң Шоңдарға жақын Айтқожа, Барғана, Сатыпалдының сорпа бетіне шығатындарын шақырған Телқозы. Олардың бәрінің жетегінде бір-бір күміс ертоқымды аттар бар еді. Шоң олардың бәрін есік алдында тұрып қарсы алған. Аттарды көріп айтқан:

      – Бұл аттарды не үшін әкелдіңіздер?

      – Бауырым, мынадай қуанышта бір-бір ат мінгізу міндетіміз ғой, – деді Айтқожаның тәуірі, сексенді алқымдап отырған Бектас.

      – Мен болыс болмай тұрғанда неге әкелмедіңдер?

      – Қатарынан озып ел билеуге шыққанда осындай ат мінгізу ежелден келе жатқан халық дәстүрі.

      – Сіздер дәстүр дейсіздер, ертең біреулеріңіз мұны пара дейді. Маған көп аттың керегі жоқ, осы аттарыңның ішінен Лау әкемнің атын алайын. Маған бір ат та жетеді. Қалғанын өздеріңіз алып қайтыңыздар!

      – Шоң бауырым, алып келген сыйымызды алып қайтың не? – деді Бектас.

      – Елдің азып, тозуы осыдан басталады. – Шоңның бұл сөзіне көпшілігі түсінбей калды.

      Телқозы келгендердің бәрін дастарханға шақырды. Ел етке тойып, қымыз ішіп болған кезде Шоң тұрып айтты:

      – Менің сіздерге бір сөзім бар.

      Елең ете қалып, құлақ тосқан жиналғандар.

      – Осы отырған үш рудың адамдары Нұра жағасына жиналып бірнеше ауыл болып отырсыздар. – Қай жер екенін де айтқан – Құлымбеттер отырған Нұра мен Құндыздының қиылысқан жерінде. – Енді бір топтарыңыз Аққошқарлар отырған жерге барып қоныстаныңыздар, – деді.

      Шоңның бұлай деуінде бір сыр бар еді – қалың қазақ жиналып отырған жерге орыстардың бармайтынына оның көзі анық жеткен. Темештер даулы жерге қоныстанған соң Елизаветовка заемкасын салудан Карбышев бас тартқан. Нұра