Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап. Қанат Жойқынбектегі. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Қанат Жойқынбектегі
Издательство: Издательские решения
Серия:
Жанр произведения: Историческая литература
Год издания: 0
isbn: 9785005549501
Скачать книгу
бастығы да пошта тасып жүрген адамға айтқан алдында, «бұдан былай пошта тасу жаңа болыстың мойнына жүктеліп отыр. Енді біздің жұмысымыз жеңілдейді» деген еді. Расында, пәлен шақырым жерді салт атпен жүру оңай болмайтын. Енді бұдан былай Қараағаш пен Ақмола арасындағы поштаны басқа адам жеткізеді. Ақтаудан келген орыс қуанып қалды. Әлгі адам Ақмоладан келетін поштаны күтіп Шоң аулында қалды да Жойқынбек Ақмолаға тартқан. Шоң әкесіне айтып, бұл аса манызы бар мемлекеттік шаруа екенін түсіндіріп, бір ұшқыр ат бергізген. Бұрынғы болыстар орыс поштабайлардың тілегі бойынша кез келген ауылдың байларынан кезекпен ат алып беретін. Бірақ бұрын Телқозыдан сұрамайтын еді. Әкесі тұрып Шоңнан сұрады:

      – Ыңғай менен алып тұра ма?

      – Иә, бұдан былай сізден алатын болады.

      – Мына Елгелділерде жүйрік ат көп, солардан неге әпермейсің?

      – Бұл шаруаны ояз Елгелділерге емес, маған тапсырып отыр. Сондықтан мына сөзіңіз басы артық әңгіме. Бергенде ең жүйрік атыңызды беріңіз. Егер уақытында апармаса маған сөз келеді.

      «Маған сөз келеді» дегенінен Телқозы корқып қалған. Баласының айтқанын жасап, Жойқынбекке ең жүйрік атын берген. Жойқынбек сол күні қолма-қол жүріп кетті. Шоңның айтуымен Құлымбеттер ауылына соққан еді. Олар да сөз айтқан жоқ ат берді, содан әрі қарай кеткен. Бұл жердің биі Лау еді, пошта жағдайын жақсы білетін. Қолма-қол жүйрік ат бергізген. Жай жүріс жоқ. Жол бойы шауып отырды. Таң ата Ақмолаға келген. Омбы поштасы жүргелі тұр екен. Олар да енді міне жүремізбен Ақтаудан келетін поштаны күтіп шыдамсызданып отыр екен. Соған тапсырды. Ол жақтан Ақтауда тұратын әскер басына арналған арызды алып қайта шапты. Құлымбеттер ауылына келіп тыңайып тұрған атына мініп, тағы шапты. Бір тәулікке жетпейтін уақытта мың шақырымнан артық жер жүріпті. Аттан бұрын Жойқынбек өзінің шаршағанын сезді. Денесінің бәрі салдырап, әлі кетіп қалыпты. Қараағашқа келгенде қозғала алмай қалған болатын. Шоң оны сезіп, біліп отыр еді. Тағы да қайталап айтқан еді.

      – Мұндай асығыс пошта келгенде бүкіл денеңді жақсылап тұрып байлап ал. Мына пошта тасып жүрген орыстар сүйтетін. Мен оны көргемін. Сонда шаршамайсың. Денеде күш сақталады.

      Дегенмен, Жойқынбек бұл жұмысқа шыдай алмайтын шығармын деп ойлаған.

      – Бұрын менің орнымда кім істеді?

      – Бұрын бұл жұмысты орыстардың өздері істегенін айттым ғой. Енді бізге, қазақтарға сенген тәрізді. Сонсоң маған жүктеп отыр ғой. – Шоң Жойқынбектің пошта жұмысының ауыр екенін біліп қалғанын сезді. Ертеңгі күні мына жұмыс ауыр екен деп Жойқынбек шығып кетсе өзіне де ұят болатынын Шоң білді. Басқа емес, әкесінің өзі кінәлайтынын білді. Содан кейін сөз бастаған:

      – Ақтау мен Ақмола арасында төрт бекет болатын. Олардың әрқайсысында бір-бір адамдар болатын. Соларды қысқартып отыр. Маған тапсырды. Екеумізге ұят болмау үшін сен дұрыстап істе.

      Жойқынбек бір жағынан істемей жатып жұмысты тастап кетуді намыс көрді. Және төлейтін ақшасы да көнілінен шығып тұрған болатын. Ақыры шыдауға бел байлады.

      Кейін асығыс пошта күн сайын бола бермейтінін