1) ауылдарымен көшкен (экономикалық тұрғыда),
2) (саяси тұрғыда) қыпшақ тайпалар одағын тұтастаған әскери жасақ болған (орда жанында); және Русь пен Хорезмді өзіне бағындыруға тырысқан, немесе оларға шекаралық күш ретінде қызмет етуге талпынған әскери қатпар болған (мәдени-тұрмыстық тұрғыда).
Одан әрі Р. Темиргалиев былай деп жазады: «XII–XIII ғғ. Шектен асу. Дешті Қыпшақта бітпейтін өзара қырқысу басталады. Пассионарийлардың саны көбейіп, олар бір-біріне кедергі жасайды. Русь тарихы жөніндегі ғылыми және көркем шығармаларда половцыларды көбінесе өте ұйымшыл және біртұтас көпшілік ретінде суреттейді, бірақ бұл кейде шындыққа келіңкіремейді, өйткені қыпшақтар арасындағы ішкі қырқыстар орыстардікінен көп болмаса, аз емес еді. Міне, сондықтан, туысқандары күн көрсетпеген көптеген қыпшақтар ата мекенінен Хорезмге, Кавказға, Русьқа және өзге елдерге қашады, сөйтіп, олар мамлюктерге, гулямдарға және берендейлерге айналады. Осындай жағдайларға байланысты монголдар қыпшақтарды оңай жеңді…Монголдың жаугершілігі, тарихта мұндай нәрсе бола береді, ол жүзеге асқаннан кейін біртұтас мемлекеттің пайда болуына әкелді… Алтын Орда… Қыпшақ тілі халықаралық статусқа ие болады және мысалы «Үш теңізден асып жүру жөніндегі повесте», «Соғыс және бейбітшілік» романында француз тілі қалай пайдаланылса, ол да сондай оп-оңай пайдалынылады.
XIV–XV ғғ. Жарықшақтану.
Өзара қырылысу арқасында және сырттан келген зор соққылардан кейін далалық империя көптеген ұлыстарға ыдырайды. Олардың арасында Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Өзбек хандығы, Қазақ хандығы шығады… Бұл мемлекеттердің әлде де біраз күші бар, бірақ бәсекеге қабілеттілердің әлемдік рейтингіне