Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов. Читать онлайн. Newlib. NEWLIB.NET

Автор: Коллектив авторов
Издательство: КазНУ
Серия:
Жанр произведения: Учебная литература
Год издания: 2017
isbn: 978-601-04-2230-8
Скачать книгу
элементтері бар: ең бастысы терезенің тақырып жолы, статус жолы, құрал-сайман тақтасы және айналу жолағы.

      Тақырып жолы. Мәтін және тақырып пиктограммасы ПҚ-да (олар үдерістердің ауысуын басқарып отырады) және интернетте (навигацияны басқарады) үлкен рөл атқарады. Мәселелердің ауысуы бір уақытта қарапайым немесе күрделі болады. Қарапайым болу себебі «Релевантты тақырыптар бірінші кезекте шығады». Пайдаланушыға тек нақты программаның нақты құжаты керек. Ал күрделі болу себебі Windows интерфейсінің қатал болуына сәйкес көп әрекет істелінбейді, программа атын үнемі қысқартып отырған дұрыс.

      Тақырып жолын тәжірибелі аудиторияға (пайдаланушылар) керек функцияны шақыру үшін пайдаланады, яғни тақырып жолындағы пиктограмманы басу кезінде ашылатын мәзірді шақырады. Бұл жерде мәзір тәжірибелі пайдаланушылар үшін жалпы тағайындалудағы мәзірге қарағанда бөлек болады. Әрине, тәжірибесіз пайдаланушылар үшін бұл мәзірді пайдалану ықтималдығы азаяды (олар ондай мәзір барын білмей жүруі мүмкін).

      Пайдаланушылар терезе тақырыбын сирек оқитыны ол пайдаланушыларға қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Керісінше, жақсы тақырып сұхбат жұмысын жеңіл түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан экранда көрінетін және терезенің сәйкес тақырыбының болуы көп жағдайда пайдалы болады. Өкініштісі, қарапайым Windows интерфейсінде оған арнайы орын жоқ.

      Статус жолы – интерфейстің ең бағаланбайтын (оны интернетте қолдану амалы, статистиканы төмендетеді) элементі. Статус жолы екі нәрсеге арналған: ол не өзіндік статус жолы болады (яғни жүйенің ағымдағы күйін көрсетеді), не тәжірибелі пайдаланушылар үшін құрал-сайман тақтасы бола алады. Осыны толығырақ қарастырайық.

      Жүйенің ағымдағы күйін бейнелеу. Іс жүзінде әрбір жүйенің не құжатқа тәуелді, не уақыттың өзгеру қасиеті болады. Мысалы, көрнекі программаларда объектілердің қандай да бір қасиеттері болады және барлық осы қасиеттер көрсетіле бермейді. Басқа мысал: жүйе ұзақ уақыт бос емес болса, онда ол пайдаланушыға орындалу дәрежесінің индикаторын көрсетуі тиіс. Ең қарапайым мысал: мәтіндік процессормен жұмыс істейтін пайдаланушы өзі құжаттың қай бетінде екенін білуге құқылы.

      Осының бәрін статус жолында шығару тиімді болып табылады.

      Статус жолы орындалу дәрежесінің индикаторын шығаратын аймақ ретінде болуы мүмкін. Орындалу индикаторының шығаратын аймағы бойынша жүйе интерфейсінің сапасын анықтауға болады деген заңдылық та бар. Егер индикатор статус жолында шығатын болса, онда жүйе жақсы интерфейске ие, ал индикатор басқа аймақтан шығатын болса, онда нашар интерфейске ие дегенді білдіреді.

      Тәжірибелі пайдаланушыларға арналған құрал-саймандар тақтасы. Көбінесе жүйе функционалдылыққа ие болады, бұл бір жағынан маңызды, ал екінші жағынан тәжірибесіз пайдаланушыларға қиындықтар туғызады. Әдетте бұл функцияға қатысты емес, жүйенің жұмыс режиміне қатысты. Мұндай жағдайларда күй жолы проблеманың дұрыс шешім болып табылады. Бір жағынан режим ауыстырып-қосқышты енгізу өрісіне ұқсас етіп жасамау арқылы оның ақаусыз ауысу ықтималдығын арттырамыз.